Менің араласатын ортамда сырға тағатын жігіт мүлдем жоқ. Сырға тағатын қазақ жігітін өмірімде көрмегенмін. Ал шаш өсіретін жігіттер шаштарын өздеріне ұнағаннан кейін өсіреді, және өсіру н/е өсірмеу әркімнің өзінің қалауы, өзіне жарасып тұрса өсіргеннің не айыбы бар?! Тағы да айтарым, шашын өсірген жігіттер корейлерге еліктемейді, керісінше өзіміздің жұлдыз әнші Қайрат Нұртасқа еліктеп өсіреді (бірақ, кімге еліктегенін білдіргісі келмейді), өзімнің таныстарымның көбісі солай. Маған келер болсақ, мен артқы шашымды өмірімде өсірмегенмін, өсірмеймін де.