0 дауыс
436 көрілді
Жұлдызды дода. Звездные войны қандай телебағдарлама?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
4 сәуірде «Хабар» агенттігінің жаңа жобасы - «Жұлдызды дода» телешоуы көрерменге жол тартады

2 сәуір 2014, 20:28

4 сәуірде «Хабар» агенттігінің жаңа жобасы - «Жұлдызды дода» телешоуы көрерменге жол тартады. Қазақстандық эстрада және опера әншілері, көпшілікке танымал сахна жұлдыздарының бейнесін айнытпай салып, бір-бірімен сынасады.

«Жұлдызды дода» телешоуының қатысушылары екі топқа бөлінген: әйелдер және ерлер тобы. Әр команда адамнан құралған. Қыздар жағынан Луина,  Жанар Дуғалова, Ерке Есмахан, Әсел Садуақасова және Жанна Орынбасарова өнер көрсетсе, ерлер тобының намысын Кентал, Рүстем Нұржігіт, Ақжол Мейірбеков, Адам және Сүндет Байғожин қорғайды.

Жеңіске жету үшін әншілер отандық және шетелдік жұлдыздардың бейнесін, бірегей дауыс тембрі мен іс-қимылдарын келтіру керек. Сахнаға Роза Рымбаева, Ескендір Хасанғалиев, Бүркіт, Мүслім Магомаев, Тамара Гвердцители, Тина Тернер сынды белгілі әншілердің ұқсастары шығады.

Кентал, әнші:
- Бүгін көрсететін образым Нағима Есқалиева. Өте сыйлаймын осы кісіні әнші ретінде, адам ретінде, өйткені, дауысы да ерекше, өзі, артистизм да, өздеріңіз білесіз, харизмасы да. Сол Нағима Қабдуловнаны өте сыйлаймын, сондықтан не болса да, Нағима Қабдуловнаны маған ренжімейді деп ойлаймын.

Луина, әнші:
- Роза Қуанышқызы өте қиын болды маған, өлеңі де өте қиын. Бірақ, мен ойлаймын бәрі де жақсы өтті.

Жобаға ресейлік грим мамандары шақырылған. Танымал тұлғалардың бет-әлпетін айнытпай келтіру үшін бірнеше сағат кетеді. Соңғы технологияның көмегімен жасалған гримді жуып тастау оңай да емес,-дейді қатысушылар. Телешоудың 12 саны жоспарланған. Финалға ең көп ұпай жинаған төрт әнші іріктеліп шығады. Жеңімпазды қазылар алқасы анықтайды. Оған вокалшы, сықақшы, әртіс пен актер - барлығы төрт адам кіреді.

Рүстем Нұржігіт, әнші:
- Біреудің бейнесін, біреудің дауысын салу барлық адамның қолынан келе бермейтін шығар. Дегенмен, осы жобаға күшімізді сынап көруге келіп тұрмыз. Құдай қаласа, көреміз. Мен өзім байқағаным, мына адамдардың көбісі жақсы келтіріп жатыр бейнесін.

«Жұлдызды дода» телешоуын «Хабар» арнасынан 4 сәуірде сағат 21.30-да тамашалай аласыздар.
...