+1 дауыс
10.6k көрілді
Мысалы мен жүгірсем немесе дене жаттығуларын жасасам ( яғни белсенді қимыл-қозғалыс кезінде) алдымен мұрыным қанайды,артынша басым ауырады,біртүрлі басым айналып,шанши бастайды.Айнаға қарасам өңім сұрланып тұрады осындай кездері.Былайғы кездері әлсіздік пайда болып жүр.Бұл қалыпты жағдайға ұқсамайды,демек бұл қаназдық ауруы ма әлде қан айналым жүйесі бұзылған ба?

4 жауап

+1 дауыс
Иә сол қан айналасы ғо  уақытынды бөліп Дәрігерге жөнелсей ! бәрі сол қан жылдамадықы температурасы  сыртқы жағдайға байланысты ғо  дұрыс ұйықтап тұру тамақтану қозғалу !
Түсіндім,рахмет
+1 дауыс
Сізге ұсынарым: әзірше физикалық белсенділікті тоқтата тұрып терапевт дәрігері қабылдауына бару қажет.
Түсіндім,рахмет
+1 дауыс
Мұрын қанаса, демек қан қысымың жоғары болғаны (гипертония, повышенное давление). Дәрігерге көрінуің қажет.
Түсіндім,рахмет
0 дауыс

Анемия деген сөз қаназдық дегенді білдіреді, яғни анемиямен ауыратын адамның қаны аз деген сөз. Кейде қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобині және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді.

Анемиямен ауырған адамның қаны сұйылып кетеді, бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы, қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы, күнделікті тамақ рационында темір құрамдас заттардың болмауы анемияға әкелуі мүмкін.

Әйелдердегі анемия дертін қоздыруға етеккір келген кезде немесе дұрыс тамақтанбай ағзасы әлсіреген әйелден босанған кезде тоқтамай аққан қанның да тигізер салдары бар. Әсіресе анемияның ауыр түрімен құрсағындағы баласына керекті қосымша қан мөлшерін қамтамасыз етуге тиісті жүкті әйелдер ауыруы мүмкін.

Балалардағы анемияның себеп салдарына олардың ішетін тамағында темір құрамдас заттардың жетіспеушілігінде, 6 айлығынан кейін қосымша тамақтандырмағандықтан, нематодты (паразит) құрттарды жұқтыруы созылмалы іш өту және іш сүзегімен ауыруы болып табылады.

Анемияның белгілері не терінің бозарып, қуарып, өңінің қашуы, қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады, тіс қызыл еті қаны қашып ағарады, тырнақ ағарып кетеді,әлсіздену, тез шаршау пайда болады. Анемияның ауыр түрінде бет-аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін. Топырақ, бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді.

Анемиядан емделу үшін құрамы темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Ет, балық және тауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар. Сондай-ақ асты темір қазан, құтыларға пісіргеннің пайдасы зор. Организмнің темірді сіңіріп қабылдауы үшін негізгі тағамға қоса көкөніс пен жеміс-жидек жеген дұрыс, кофе мен шәйді тамақтанып болғаннан соң ішу керек. Анемияның қалыпты және ауыр түрімен ауырғанда темір қоспалы дәрі-дәрмек қабылдау қажет (темір сульфаты таблеткалары). Бұны, әсіресе анемиямен зардап шегетін жүкті әйелдер ішуі керек. Анемияның барлық түрінде де темір сульфаты таблеткалары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалырақ. Темір қоспалы дәріні әдетте ектіру арқылы емес, таблетка түрінде қабылдайды, өйткені ине салғызу қанша дегенмен қауіпті және әсер ету күші жағынан да ішетін дәріден артықшылығы жоқ.

Егер анемия іш сүзегі (іштен қан өту) салдарынан нематода жұққаннан, безгек зардабынан пайда болса, онда адамды анемиямен ауыруға себеп болған осы аурулардан емдеу керек.

Анемия ауыр формаға ауысып, ем қонбаған жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге көрінген жөн. Бұл әсіресе жүкті әйелдерге қатысты.Әйелдер арасында анемиямен ауыратындары көп. Мұндай сырқатпен ауырған әйелдерде түсік тастау және босанған кезде қатты қансырау қаупі зор. Әйелдердің темір қоспасы көп тағамдарды мүмкіндігінше көбірек ішіп-жегені дурыс, әсіресе жүкті кезінде дұрыс, жақсы тамақтануға мән бергендері жөн. Жүктіліктің арасына 2-3 жыл уақыт салу әйелге күш жинап, денсаулығын нығайтып алуға мүмкіндік туғызады.

Ұқсас сұрақтар

...