+1 дауыс
19.1k көрілді
Сафуан Шаймерденовтың "ит ашуы" атты повесын тауып беріңіздерші

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» (повестен үзінді)

Итінің ата-тегі туралы жай лақапқа еріп жүрген Лезбай бірдемені білетін адамша қарқылдай күлді.

Мұның өзі док деген ақсүйек тұқымынан. Жат қолынан өлсе де тамақ алмайды.

Қаба сақалдың ғұмыры көрмегені. Соншалықты қайран:-Сүйек-саяққа  қырылысып қалатын біздің шәуілдектен емес десейші. Естімеген елде көп деген осы екен-ау!

Лезбай дән риза. Итінің мойнынан сипады да,Әбікештің қасына келіп, көкке жантайды.

Күздің жылауық бұлты аспанды жиі торлайды. Бірде ұзақты күн дым бүркіп, сары аурудай созылып, былжырап тұрса, бірде қара нөсер боп дауылдата келіп, төгіп-төгіп алады. Қайтсе де мал мен жанға қиыны осы  бір кез екен. Үйде де, түзде де сондай көңілсіз.  Малмандай су басқан қойлар самарқау оттайды.

Үстіне брезент шекпен киіп, жалбағайын бастырып алған Лезбай мұндайда тас түйін.

-Оқыс оқиғалар осындай күнде болып қалады. Марғау, сен оң бүйірге шық, мен сол жақта болайын. Марау сен алға шық, мен соңда болайын, -деп үнемі құлағы тігулі ат үстінде жүреді. Шопан тілін анық түсіне бастаған Марғау сондай елгезек, дегенді екі етпейді. Лезбай нұсқаған жаққа шауып шығады да қойды қақпайлап қайырумен болады.

     Сондай бір жауын-шашынды лайсаң күннің бірі. Ертемен борай жауған ұйытқыма жаңбыр түс кезінде толастап, бұлт арасы ыдырады. Лезбай тоңайын деді. Денесі мұздай бастаған Марғау отарды айнала шауып жүр.

     Бір кезде бір отыр қойды қақпайлап, екі жігіт жақындады.

-Е, Леке, аман-саусың ба?-айыр қалпақ киген ересектеі бері салды.

-Мына Құдайдың күні қайтеді.Қыс ерте түсе ме деймін. Әпіректей иіріп барады, -деп шағынды Лезбай. Екеуі әңгімемен алданып отырғанда –Табын араласып барады, -деген айыр қалпақтың  інісінің айқайлаған даусы естілді.

     Марғау Лезбай қасынан жосылта шауып, үріп өтті: «Ана бала қойларды араластырып жіберді. Тезірек атқа қон»

-Е, араласса қайтер дейсің, ажыратып алармыз, -деп Лезбай асықпай атқа мініп, малға беттеді. Айыр қалпақ төпелеп, қойларды ажыратып әлек. Марғау мал ішінде әр қойды бір тістелеп, арсылдап жүр.

-Ау, Леке, мына итіңе не болды? Қойлардың ит әлегін шығарды тіпті. Лезбай итін ұстады. Ер-қарасын сыбай жүріп, айыр қалпақ малдарды ажыратты. Осы әуремен кеш түсті.  Іңір қараңғысында жан дәрмен Лезбай әйтеуір отарын алдына салып, үйге беттеді.  Марғауда ес жоқ, арасы алысьтап бара жатқан екі отардың ортасында жосылта салып, абалаумен жүр.

-Бүйтпесең, сен ит боласың ба, деп кейіді Лезбай. «Ап-ап,  кейігенің не, ана отарда  бір қора мал кетті. Ит шынында да бекер абаламаған екен, ертеңіне Айған араласып, қой басын санаса, он шақты саулық жоқ.

0 дауыс

Мына жерден http://t.kitap.kz/index.php/audiobook/1590-it_ashuy/1590-it_ashuy оқуыңызға (аудионұсқасын тыңдауыңызға) болады. 

Өкінішке орай бұл сайттан жүктеп алынбайды.

...