0 дауыс
Сен қазақсың себебі әкең қазақ,

Ақ сүт берген, ақ жаулықты анаң қазақ деген өлеңнің толық нұсқасы керек?
02.04.2014 4.3k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Сен қазақсың себебі әкең қазақ,
Ақ сүт берген, ақ жаулықты анаң қазақ.
Ата-дәстүр салтымен ағып жатқан,
Денеңдегі қасиетті қаның қазақ.

Сен қазақсың себебі тілің қазақ,
Ізіңде еріп жүрген інің қазақ.
Бір қараған алыстан танитұғын,
Ақ дидар, мөлдір қара көзің қазақ.

Халықсың кең даланы мекен еткен,
Жер үшін ата-бабаң қанын төккен.
Тәуелсіздік туымды көрем бе деп,
Ежелден ата-бабаң арман еткен.

Сен қазақсың сол туға қолы жеткен,
Бақыт бұл басыңа қонып келген.
Биік ұста сол туды таба етпей,
Дұшпандарға сені бүгін аңдып жүрген.
02.04.2014
+1 дауыс
өте мағыналы, патриоттық ойлар
23.11.2016
0 дауыс
Сен қазақсың себебі əкең қазақ, Ақ сүт берген ақ жаулықты анаң қазақ деген өлеңнің авторын айта аласыздарма?
08.04.2019

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы