+2 дауыс
399 көрілді
Сіздердің мектептеріңізде балалар арасында ақша сұрау барма? Сонымен қатар ауылдарда? мен естігенім бір ауылда бар екен ақша сұрау мектепте. Ақшаны осындай күнге дейін әкеліңдер деп тапсырма береді жоғары сыныптағылар тқменгі сыныптағыларға. Олар күні бойы сабылып ақша іздеумен жүреді. Тіпті мәйіт басындағы ақшаны да теріп апарып береді екен. Ал аұша бермесен ұрып соғады. Тіпті кешке кқшеге де шығармай көшеден көрсе соғады екен және қыз деп мазақтайды екен. Айтыңыздаршы осы дұрыспа? Қазыр тоқшылық заман тамақ тоқ көйлек көк. Алайда бұл әлі жалғасуда. Кішілерден ақша сұрайтындай жоқшылық емес. Сіздер қалай ойлайсыздар бұл дұрыспа әлде бұрыспа? Өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар.

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

мұндай масқара "дұрыс" қылыққа жататын ба еді??? мен оқитын мектепте де осындай жағдай болған 8-9 сыныптар арасында...жоғарғы сынып төменгі сынаптан ақша талап етеді екен...кейбірі тамаққа әкелген ақшасын осы балаларға береді, жоғы әркімнен ақша сұрап, сыбырласып әйтеу тауып береді. бірақ ұрып-соғу туралы естімедім. ол ол ма! тіпті басқа мектептер де ақша талап ететін болыпты біздікілерден....сұмдық! өзгенің жемі болып жүретін, сужүрек ұлдарды суқаным сүймейді! қазақтың атына кір келтіретіндер көбейіп кетті арамызда! халқымыз ежелден намысшыл келетін еді...түп-төркініне келсең әлеуметтік жағдайы нашар балалар да болуы мүмкін ақша талап ететін және ермек үшін айналысады бұл іспен.  түсінбеймін, заман өзгеруде ма, әлде адам өзгеруде ма...

+1 дауыс
менің ойымша адам өзгеруде. Қазір адамдар жауыз боп барады
+1 дауыс
ия,ондай бар біздің мектепте,тіпті қыстыгүні жинап алып отын жарғысады бұл шындық оны қанша қойдыртқанымен болмайтын сияқты менің ойымша..бұның бәрі расс..бұндайды қою керек..жігіттер!кей мектептерде қыздарда жетісіп тұрмайды оларда кіші сыныптардан ақша сұрайды деп естідім..қыздарға не жоқ енді..не жетпей жүр..
0 дауыс
айтпақшы қыздар демекші, қыздардың арасында да болған бұл жағдай! ұялы телефондарын да талап еткен екінші мектеп...суық қарумен келгендер де болыпты ішінде!
+1 дауыс
қалай тоқтатамыз бұны. алдында айтуға оңайда да қозғалды бұл проблема
+1 дауыс
Дед общения барлық жерде болат!!!!!
+1 дауыс

Болып тұрад болып тұрад!

+1 дауыс
Әрине дұрыс емес. Мұндай жағдай көп мектепте болған қазірде болатын шығар, сонымен қатар біздің мектепте де ондай жағдайлар өте көп болатын еді. Қазір біздің мектепте ондай жоқ, себебі 11-сынып оқушылары яғни менің сыныптастарым, қатарластарыммен қосылып ондай жаман әрекеттерді болдырмауға тырысудамыз. Нәтижесі өте жақсы.
бұларыңыз дұрыс екен. Менің мектебімде де тоқтады бұл жағдай.
Әрине, тек мұғалімдердің араласуының арқасында.
+1 дауыс
Мектептерде қазір мұндай көп кездесе бермейді.
+1 дауыс
Ондай жағдай бар.Үлкен балалар кішілерден ақша,ұялы телефондар және т.б талап етеді.Таппасаңдар, ұрып-соңғып жүреді екен.
+1 дауыс
ондай біздін де мектепте болады ақша акелмесен ұрып соғады ж/е отын бутауға көмір кіргізуге шақырады бармасан соғады!!!!
+1 дауыс
Мектепте оқып жүргенде жоғары сыныпта оқитындар шаруа-шаруа деп ақша жинаушы еді. Біз олай жинаған емеспіз.
...