+1 дауыс
37.0k көрілді
әдебиеттен "Атадан туған ардақты ер" тақырыбына Махамбет Өтемісұлы туралы ертеңгіге шығарма жазу керек.көмектесіңізші!!

3 жауап

0 дауыс
Махамбет Өтемісұлы
(1803 - 1846) Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.
Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.
Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.
Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.
Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты. Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Шағатай, орыс, татар, араб тілдерін жазбаша тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Махамбет Ресей отаршылдығының барша ауырлық тауқыметін көзімен көріп, оның барша зорлық зомбылығын басынан өткеріп, ғұмыр кешкен адам. Сондықтан да 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңіздей толқып көтерілгенде, осынау тегеурінді дүмпудің дем берушісі Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бірге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін Махамбет жеріне жеткізе жырлаған әйгілі ақын. Ол поэзияда қандай дара болса, күй өнерінде де сондай дара.
Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Егер, қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Махамбет заманы көшпелілер рухының айының батып, күнінің тұтылған кезі. Сондықтан да, көшпелілер мәдениетіндегі эпикалық синкреттілік Махамбет болмысымен түйінделеді. Бұдан былай өнер қоғамдық құбылыстарды реттеушілік міндетінен айрылып, эстетикалық алданыш болуға көшкен. Махамбеттің әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі жырау, әрі күйші болуында осындай тарихи әлеуметтік сұраным болған. Бұл тұрғыдан келгенде, Махамбет жорық жаруларының ішіндегі соңғысы.
Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дәстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды. Оның өлеңдері бұқара халықтың жүргеніне тым жақын болды.
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған "енді қайтып бүлікке қатысушы болма" деген ескерту жасап, босатады.
Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.
Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.
Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.
0 дауыс

http://ozinizde.kz?q=624 мына жерден ізде

0 дауыс
Осы шыгармага эпиграф пен жоспар курып бересиздерма))

МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛІ МЕН ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

«Елнамысы –ернамысы»,қазақхалқы –басбостандығын,атамекенін,жеріменмалынбілектіңкүшімен,найзаныңұшыменқорғағанхалық.«Жаным – арымның садағасы» деп арын, адамгершілік қасиетін бәрінен жоғары ұстаған халық. Тарихи даму үрдісі ерлік пен елдікті паш ететін тарихи мұраларға бай. Сондай мұралардың бірі - ӛзіндік қайталанбас бейнесімен халық жадында мәңгі сақталған тұлға Махамбет Ӛтемісұлы. Махамбет мұраларына алғаш қалам тартқан Х.Досмұхамедов: «Махамбет ӛзі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған. Бағыт алған жағынан тайынбайтын қасарыспа ер екен. Мінезі сотқар, бетің-кӛзің демей ойына келгенін айтып салатын батыл болған»,- деп суреттеуінен оның бойындағы туа біткен ержүректілік пен қайсарлықты кӛруге болады. Расында да, Махамбет мұрасын ӛзіндік қайталанбас және ешкімге ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Махамбеттің артына қалдырған жырларын, күйлерін, нақыл сӛздерін зерделегенде, оған біз философия- лық, педагогикалық және психологиялық тұрғыда қараумызға тура келеді. Әдетте сӛздік қор тақырыпқа орайлас қолданылады, сонымен үндеседі. Ал Махамбет ӛлеңдерінің басым кӛпшілігі соғыс, жаугершілік- ке арналған. Сондықтан да оның лексикасында жаугершілікке байланыс- ты сӛздер басым. «Желп-желп еткен ала ту, Жиырып алар күн қайда? Орама мылтық тарс ұрып, Жауға ататын күн қайда?» немесе, Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай... ... Көн садақтың ішінде Кӛбе бұзар жебе бар. Махамбет ӛлеңдеріндегі бірден кӛзге түсетін нәрсе – кӛне сӛздер- дің мол қолданысы. Арғымақ сені сақтадым, Құлағың сенің серек деп. Қас түлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске... Ту түбінен тұлпар жығылса, Шаппаған нәмәрт оңар ма? – сияқты жолдардағы бірқатар сӛзді ұғына қою оңай емес. Махамбет ӛлеңдерінен тағы бір кӛзге кӛрінетін ерекшелік - әдеби- кӛркемдеу тәсілдерінің байлығы, молдығы, қуаттылығы. Әсіресе, оның ӛлеңдерінде кездесетін метафоралар қазіргі жазба әдебиетінде сирек ұшырасатын құбылыс. Бұдан ӛлеңді метафораға толтырып қойса, ӛлең әсем, әсерлі болып шығады екен деген ой тумаса керек. Махамбет: Мен – қарақұстан туған қалықпан... Мен – тауда ойнаған қарт марал... Ат – жігіттің майданы, Қылыш – жанның пәрмені, Ӛлім – хақтың пәрмені,- сияқты метафоралық тіркестер жеткілікті және бәрі де ой ажарын, сӛйлем қуаттылығын арттыруға ұтымды қызмет етеді. Теңеуді жай сӛйлегенде де қолданбайтын адам сирек, дегенмен оның орынды қолдануы мен уыттылығында. Тауып айтылған теңеу ойды ашып та, ажарландырып та жібереді. Махамбет ӛлеңдеріндегі теңеулер дәл осылай. Бәрін тізбектемей, тек «Тарланым» атты ӛлеңін алайын: Керіскендей шандозым, Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім, Қырмызыдай ажарлым, Хиуадай базарлым, Теңіздей терең ақылдым!-деп түйдектете тӛгілгенде ӛлең де оттай жанып, образ да ойнақши қалған. Қазақ ӛлеңінде Махамбет әкелген тың тіркестер, олардан туында- ған күш-қуаты әлі жалындап тұрғандай. Мысалы: «Жайықты тіземен бұзып ӛту, қырдан қиқу тӛгілу, қай- раңнан алған шабақтай қия бір соғып ас ету, адырнаны ала ӛгіздей мӛңірету, темір қазық жастану, қу толағай бастану,» т.б. Махамбет жыры туралы академик З.Қабдолов: «Ол кешегі түркінің, тұтастай алсақ, кӛшпелілердің асау мінезінің жалғасы. Ӛмір бойы қоныс қуып, ата мекенін қорғаған, намыспен рухтан жаралған, мәрт мінезді, еркіндік құлының мінезі.Қазақ елінің бодандыққа мойын ұсынар алдындағы соңғы тұяқ серіпкен қылығы мен айбынды сӛзі Махамбеттен шыққан»,-деп батыр мінезі, жырларының бүгінгі егемен еліміздің жастарының бойындағы патриоттық рухты қалыптастыруда негізгі орын алатынымен қоса әлемдік мәдениет пен ӛркениеттен алар орнын кӛрсетеді. Махамбеттің «Жалған дүние» атты ӛлеңінен үзінді келтірейік: Қоғалы кӛлдер, құм, сулар Кімдерге қоныс болмаған?! ...Жау іздеген ерлердің Қайда басы қалмаған?! Ішелік те желік, Мінелік те түселік, Ойналық та күлелік, Ойласаңдар, жігіттер, Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған?! Қазақ философиясының ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан ӛзіндік сарыны жатқанын кӛреміз. Ӛмір-дария, бұл ӛмір кімдерден қалмаған, кімдер бұл жерді басып жүрмеген, кімдер бұл ӛмірден кетпеген,-деген толғаныстар арқылы адамды тәубешілікке шақырады. Махамбеттің әрбір жыры адам сезіміне ықпал ету арқылы, ӛмірге деген философиялық кӛзқарасын қалыптастырады. «Арғымақтан туған қазанат» атты жырының әрбір шумағы нақыл- ӛсиеттен тұрады. Махамбеттің әр ӛлеңінің ӛзіндік тарихы, тәрбиелік мәні бар.Деген- мен, оны тұлға ретінде халыққа танытқан жыры – «Жәңгірге айтқаны» атты жыры. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, ханның бар кінәсін халық алдында айтады. Хан емессің, қасқырсың, Қара албасты басқырсың. Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын! Ақын бұл жырында Жәңгір ханның зұлымдығын тура бетіне басады, шындықты бейнелі кӛркем образ арқылы жеткізеді. Махамбет мұрасының мәңгіліктігі, оның таза рухани ӛмірмен байланысында болып отыр. Оның қай ӛлеңін алмайық, ол адам ӛмірімен тікелей байланысты. Егер тіршілікте керек қылмаған туыстың ӛлгеннен кейін қажеттің шамалы екенін, егер сыйлассаң, тірісінде сыйла деген философиялық толғанысынан ұрпақтың алар үлгісі мол. Махамбет мұралары қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне, ӛнеріне қосқан іргелі құнды мұра деп білеміз.
...