Көркем әпке,осы жайлы бір жерден оқығаным бар еді.Негізі,бұл жайлы пікір көп.Мен мынаны жаза кетейін...
Халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен.
Олар:
1. Көк. Көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.
2. Қызыл. Қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе, тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше, барлық ет тағамын қызылға балайды.
3. Жасыл. Жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.
4. Ақ. Барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5. Сары. Май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
6. Қоңыр. Бидайдың, тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
7. Қара — тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.
Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді.
Ақ сәуле дегеніміз — Күн-Ананың нұры, шуағы, жылуы. Наурыз күні ақ дастарқан жайылып, ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын берген, төрт түлік төлдеп, аузымыз аққа кенелген уақыт емес пе!?Мүмкін дана халқымыз осылай пайымдаған болар...