0 дауыс
9.2k көрілді
Таныс емес адаммен бірден ашылып әңгіме айта алмаймын.Ал етене жақындасып кеткен адамдармен өте жақсы қарым-қатынастамын.Ал адамдардың көпшілігі менің мінезім ауыр деп есептейді.Мұны қалай түсінуге болды?
Сұрақтың жабылу себебі: жауабы табылды

7 жауап

0 дауыс
қатал,қырсық деген мағынада
0 дауыс
Сіз бірден ашыла бермейсіз. Уақыт өте келе қарым-қатынас жасаййсыз...
0 дауыс
Мінезі ауыр деген салмақты сөзіне синоним. Яғни, сіздің мінезіңіз салмақты. Мұндай мінездің жақсы жақтары көбірек. Тәлпіш қыз болғанша осындай мінезбен жүргеніңіз жақсы. Әлі-ақ осы мінезіңіздің жақсылықтарын көретін боласыз.
0 дауыс
Ұрысқақ қатал жиі ашуланатын
0 дауыс
Ауыр мінез дегеннен  салмақты деген дұрыс шығар. мінез үлкен 4 топқа бөлінеді  сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик. Сіздің мінез флегматик деп ойлаймын. бұл мінездегі адамдар оңай ашуланбайды, ашуланса да тез ақылға келеді. қырсықтық, жиі ашулану холерикке тән мінез. олар тырнақ астынан кір іздеп көрінгенге тисіп, әр кез өзімдікі дұрыс деп ойлайды. бұл сізге тән емес, қатал болуыңыз әбден мүмкін, бірақ ол жаман мінез емес. өйткені қаталдық деген тәртіп, ал тәртіпті болғаннан жақсы не бар?!!!

Қысқасы қазақтың сабырлы да салмақты аруларының қатарынан екеніңізді мақтан етуден басқа сізге еш уайымдаудың керегі жоқ деп ойлаймын.
0 дауыс
Қызға нағыз керек мінез ғой!
0 дауыс
Мінезі ауыр дегенге мен сізді жатқызбас едім. Өйткені мінезі ауыр емес керісінше мінезі тұйық дегенге жатқызар едім. Мінезі ауыр деген сын көтермейтін адам емес пе? Сыныққа сылтау тауып ашу шақыратын адамды мінезі ауыр деп айтар едім. Қаза мінезі тұйық адамды жоғары бағалаған ғой.
...