0 дауыс
Зерде журналы туралы білгім келеді.
28.03.2014 3.4k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Зерде – қазақ тіліндегі республикалық ғылыми танымдық журнал. Алғашқы саны “Білім және еңбек” деген атаумен 1960 жылы жарық көрді. Алғашқы редакторы – Камал Смайлов. 1989 жылдан “Зерде” деген атаумен шығып келеді. Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келді. Қазақ басылымдарының ішінен алғаш рет әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілхайыр ханның суреттері де тұңғыш рет осы журналда жарық көрді. [1]
28.03.2014
Қазір шықпайды-ау
0 дауыс

Ғылыми жұмыс дегенді білетін боларсыз. Соның төменгі сыныптарға арналғанын  Зерде деп атайды. Одан кейін ретімен Кіші ғылым, Дарын боп кете береді. Зерде деген төменгі сыныптарға оқушылардың ғылыми жұмыстары шығатын журналы. Яғни түгелдей қорғап болған соң журналға ақша төлеп, өздерінің жұмысын шығартады.

28.03.2014
Бұл журнал туралы  білмеппін.
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы