0 дауыс
Жердің Оңтүстік магнит полюсы Солтүстік полюске тура қарама-қарсы орналасқан ба?
28.03.2014 2.1k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Солтүстік магнит полюсы - Жердің магнит өоісі тік, яғни жерге 90° бұрышта орналасқан шартты нүктесі. Солтүстік магнит полюсының орналасуы географиялық солтүстік полюстың орналасуымен сәйкес келмейді. Шамамен XVII ғасырдан бастап, солтүстік магнит полюсы қазіргі канадалық Арктиканың шекарасындағы мұздардың астында орналасқан. Полюс күнделікті эллиптикалық траектория бойынша жылжып отырады. Сонымен бірге, ол солтүстік және солтүстік - батыс бағытта жылына 10 км жылжып отырады. Сондықтан, оның координаттары нақты емес және уақытша болып табылады. Оған қарама -қарсы оңтүстік магнит полюсы Антарктикада орналасқан. Екі полюстың ортасынан сызық жүргізсе, ол Жердің дәл ортасынан өтпейді. Демек, екеуі бір - біріне тура қарама- қарсы орналаспаған.
28.03.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы