0 дауыс
4.3k көрілді
Жанбота, осы ме еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің ?
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің ?
Жанбота, өзің - болыс, әкең - Қарпық.
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Тартса да, домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде ұрып еді,
Намыстан, уа, дариға, өлгенім жоқ.

1 жауап

0 дауыс

СКТ талдамағаныма біраз болып ед. Орындалу ретінен шатассам айып қылма.

Авторы Ол 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.

Тақырыбы қос болыстың арасындағы бақталастықты және Азнабай болысының көреалмаушылығын ашық именбей жазған.

Жанр түрі поэзия.

Өлеңнің Идеясы айтып жатқан жырына тоқтау салып, ақынның қолынан домбырасын жұлып алмақ болғасын Біржан Азнабай болысына деген ашуынан туындаған

Шумақ 3 шумақты

тармақ 12 тармақты

бунақ 1-2 бунақты

ұйқас қара өлең ұйқасы

Троп

Түсіндірмелі сөздік өлеңде түсініксіз сөз жоқ.

Тәрбиелік мәні оны өзің жазарсың

Бунақ  2-3.
Жанбота,(1-ші бунақ) өзің - болыс,(2-ші бунақ) әкең - Қарпық. (3-ші бунақ)
...