+1 дауыс
4.7k көрілді
Блог (Блогтар) дегеніміз не?

Мысалға: www.massaget.kz сайтында блог бар. Блог деген не?

Не туралы болады?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын мәнді мағлұматы бар торап.

Блогшы деп блог жетекшілерін атайды. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығын блогосфера дейді.

Авторлық құрамына байланысты блогтар топтық және дербес (корпоративтік, клубтық) және қоғамық (ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша - тематикалық және бірегей. Блог қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (комментарийлерді) қалдыру блогтарға тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электронды поштасынан біршама артылықшылықтары болады.

 

 

Блогтардың түрлері

Авторлары бойынша

Дербес (авторлық, жеке) блог – жеке бір адамдармен жүргізіледі (ереже бойынша оның иесімен).
«Елес»( «Призрачный») блог – аты анықталмаған адамның бөтен адамның атынан блогты жүргізу.
Корпоративтік блог – бір серіктестіктің қызметкерлердің блогы жүргізілуі.

Тематикалық бағыты бойынша

Көп жағдайда дербес блогтар жеке сипатқа ие болады. Бірақ коллективтік және корпоративтік орталардағыдай дербес блог орталарының мамандырылған, яғни белгілі бір өмір сфераларына арналған блогтар болады:

Саясат – саясатқа арналған блогтар. Әдетте саяси блогтарды көшбасшылар саяси партиялар мен саяси бірлестіктердің бірлестіктері, саясаткерлер жүргізеді.
Тұрмыс – әдетте бұл адамдар арасындағы қарым қатынас проблемеларын, психологияны, үй шаруашылығын жүргізу - яғни «тұрмыс», «жеке өмір» түсініктерімен байланысты проблемаларды қарастыратын блогтар.
Саяхат – белгілі бір елде өз-өзін қалай ұстау туралы кеңес беретін және басқа ұлттардың салт-дәстүрлері туралы айтатын авторлардың өзінің сапарларынан алған әсерлерімен бөлінісетін блогтар.
Білім – білім тақырыбына арналған блогтар. Әдетте ол белгілі бір оқу орындарының блогтары. Бұл блогқа қатысушылар, білім беру процесін, білім проблемаларын қарастырады.
Сән – сән әлеміндегі жаңалықтар, трендтер, сәнді көрсетілімдерді талқылайтын блогтар. Бұл блогтарда мамандардың пікірлерін, стилистердің кеңестерін және сәнге құмар адамдардың пікірлерін оқуға болады.
Музыка – авторлар өзінің музыкалық сүйіспеншілігін, музыкалық әлемдегі жаңалықтарды талқылайтын блогтар. Музыкалық блогтар – белгілі бір музыкалық бағытқа арналуы мүмкін және әртүрлі музыкалық жанрлар мен стильдерді жарыққа шығарады.

Мультимедияның түрі бойынша

Мәтіндік блог – негізгі мазмұны мәтін болып табылатын блог.
Фотоблог – негізгі мазмұнын фотографиялар құрастыратын блог.
Музыкалық блог – негізгі құрамы музыка құрастыратын блогтар.
Подкаст және блогкастинг – негізгі мазмұны МР3-файл түрінде қаланатын блогтар.
Видеоблог – негізгі мазмұны видеофайл түрінде көрсетілген блогтар.

Мазмұндық ерекшеліктері бойынша

Контенттік блог – бастапқы авторлық контентті баспаға шығаратын блог.
Мониторингтік (сілтемелік) блог – негізгі контенті басқа сайттарға коментарийдан өткен сілтемелер болып табылады.
Дәйексөз блогы – негізгі контенті, басқа блогтардан алынған дәйексөздер болып табылады.
Тамблелог.
Сполг-спам-блог.

Техникалық негізі бойынша

Stand alone блогы – жеке хостингтегі немесе қозғалтқыштағы блог.
Блог-платформадағы блог – блог-қызмет күшімен жүргізілетін блог.
Моблог – құрамында ұялы және портативтік құралдары орналасқан контентті бар ұялы веб-блог.

Блогтардың функциялары және қатысу ынтасы[өңдеу]

Блогтарды оқу мен авторлық – мазмұны бойынша екі әртүрлі процесс деп есептеу керек. Өзінің жеке блогынан тыс контекст жүргізу блогтарының комуникативтік мүмкіндіктерімен пайдаланатын адамдар, тікелей байланысуға мүмкіндіктері жоқ адамдармен, мысалы, басқа қалаларда тұратын жолдастармен, қарым-қатынастарды белгілейді. Блогтарда пайдаланылатын хабарламалардың альтернативтік экономикасы, қарым-қатынастың мұндай формасын ыңғайлы етеді, өйткені ол міндетті өз аралығын және «бірде-бір» шектелген қарым-қатынастарды қарастырады.

Евгений Горный өз баспасында туыстармен байланысты қолдаудан басқа мақсаттарды да анықтаған:

Ақпаратты алу
Оқу-көңілдену
Белгілі бір іс-әрекетке байланысты көпшіліктің реакциясын қадағалау.
Әлеуметтену үшін, өзін әйгілі адамдар өміріне қатыстылығын сезіну үшін оқу.

2005 жылы жүргізілген Livejournal блогтерлердің сауалнамасы іс жүзінде, блогтардың келесі функциялары ерекшеленген.

Коммуникативтік функция

Коммуникативтік функция кең түрде таралған. Көптеген блогерлер айтуы бойынша, олар блогтарды қызықты адамдармен қарым-қатынас жүргізу үшін оқиды немесе жүргізеді деп айтады. Ең алдымен ол өз ойын көпшілік есту үшін айту мүмкіндігі. Ондаған таныстарға өзінің қала шетінде тұрған саябаққа барғаны туралы айтудың мағынасы неде? Егер оны блогта сипаттап, суретті сипаттау мүмкіндігі болғанда. Олардың әрқайсысы ол туралы олар үшін ыңғайлы уақытта оқи алады. Бірақ мұндай жағдай қарама-қарсы проблемаларды туғызады. Яғни, екі блогерлердің нақты өмірде кездескен кезде олардың фантазиясы болмай, олармен әңгімелесуі қызықтырмайтын кезде.

Өзін-өзі таныстыру функциясы

Бірнеше респонденттер басында дербес сайтты құруды ойлаған, бірақ блогты жүргізуі қанша жеңіл болғандықтан, бұл ақпаратты баяндау өз жайлы болды. Авторлардың шығармашылығын талқылау және баспаға шығаруға арналған блогтар кластары бар, бірақ кәдімгі күнделіктің де автордың дербестілігі туралы ақпараты бар. Көптеген блогерлер «басқалар мені оқу үшін күнделікті жүргіземін» деп айта алады.

Көңілдену функциясы

Көптеген адамдар блогтарды жүргізіп, блогты оқуды және комментарийледі талқылауды көңіл көтеру ауқыты ретінде пайдаланады. Әсіресе, егер олар интернеттен басқа көңіл көтеру құралдарынан шектеліп, бос уақыты көп болған кезде. Кейбір пайдаланушылар блогтарды бос уақытты өткізу үшін пайдаланады, ал басқалары керісінше, уақыт жетіспеушілікке байланысты толық қарым-қатынас үшін пайдаланады.

Ғұмырнама функциялары

Әдеттегі күнделік сияқты , блог жаңа функциялардан басқа мемуаллар функциялар жүргізуші ретінде бола алады. Ол болшақта пайда болатын белгілі бір жазу орны болып табылада.Бұл функцияны пайдаланатын респонденттер, күнделікті өз үшін пайдаланады беп айтады. Яғни, белгілі бір оқиғаны ұмытпас үшін, оны жазып, кейінірек оны оқу мақсатында жүргізеді.

Рефлексия мен өздігінен даму функциясы

Блогерлердің өзге «МЕН» сипатын құрастыруға мүмкіндік берумен байланысты функция. Кейбіреулері күнделіктің жариялылығы оны әрі қарай жүргізуді мәжбүр еткізеді, сонымен қатар өзінің ойларын дұрыс құрастыруды үйренуге мүмкіндік береді, бұл жағдай олармен болған оқиғаларды жақсы түсінуге көмектеседі.

Психотерапевтік функциясы

Блогтың психотерапевтік функциялары еске салуы кездеседі. Ол алдын-ала болжанған немесе эмоцияларды сыртқа шығару, қияларды айту, жүйке жүйесін қалпына келтіру, жазуларын жүргізу процесінде негізделген. Дәстүрлі кунделіктің бұл функциясы көптеген авторлармен айтылып және ол жаңа формаға және жаңа мүмкіндіктерге ие болуы мүмкін. Егер livejournal пайдалунышалрдың қоғамдастықтағы тұрақты диалогтар мазмұнын қарастыратын болсақ, бұндай транзакциялар қарым-қатынастың ең танымал формасы болып табылады, бір тұтынушы өмірге шағымдалса, онда басқалары оны жұбауратады.

Тарихы

• 1992 жылы Тим Бендерс-Ли парағын «Washington Profile» газеті ең бірінші блог деп санайды.

• 1996 жылы блогтардың кең таралуы болды.

• 1999 жылының тамызында Сан-Франциско қаласындағы Pyra Labs компьютерлік компаниясы Blogger сайтын ашты. Бұл ең бірінші тегін блогтық жүйе болып саналды. Содан кейін 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы Blogger-ді сатып алды.

• Ақпараттың төгілудің қайнар көзін ашуға талап еткен және компанияның ресми түрде жарияланбаған тауарлары туралы айтқаны үшін 2004 жылы блогерлерді сотқа берген Apple компаниясы екі жылдан соң сот процесінен жеңілді. Тілшілер секілді, ақпараттардың қайнар көзін жария етпеу туралы блогерлердің де құқықтары бар екендігін 2006 жылы сот шешімі қабылданды.

Сипаттары

Блогтың негізгі сипаттары:

Блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасады.
Блогты негізінен бір адам бірінші жақтан жазады.
Блогта басқа тораптарға (блоггерге қызықты) сілтемелер табылады.
Блогта негізінен RSS арнасы болуы тиіс.
Блог жиі жаңарып тұрады — күнде немесе аптасына бірнеше рет.
Блогта хабарларға пікір қалдыруға болады.
Блогта «блогролл», яғни басқа блогтарға сілтеме болады.
Блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады.
Блогты негізінен әуесқойлар жүргізеді (кәсіби журналистер немесе жазушылар емес). Бірақ кейде олар да кездеседі.

Техникалық негізі

Блогтардың шектеулері және техникалық мүкіндіктері, желілік технологиялардың ортақ толығымен анықталады.Бағдарламалық қамсызданудың бар болуы блогты жүргізуді жорамалдайды да, «Бүкіләлемдік торда» кәдімгі қолданушының жаңа жазуларды енгізуге мүмкіндік береді. Жүйенің мазмұнымен басқарудың жеке түрі және бұл бағдарламалық қамсыздандыру блогтың «қоғалтқышы» болып саналады.


ҚазНет блог-тұғырнамалары

http://aitaber.kz
http://zhanaoi.kz
http://kerekinfo.kz
http://kazjur.kz
http://qazaqblogger.kz
http://massaget.kz
http://tumble.kz
http://teriskey.kz
http://on.kz

0 дауыс
Жеке адамның бір тақырыпта жазған ойы, талқылауы, қозғауы, мақала іспеттес жазуы.
+1 дауыс

Өзіңнің  қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға пікір білдіруге болады блог жазу арқылы. Мысалы мен гидроцелеге операция жасаттым сонда интернеттен қазақша ақпараттар іздеп едім бірақ жоқтың қасы болды. Сондықтан өзім керекинфо сайтында  гидроцеле туралы блог жаздым. 

Маған керекинфодағы Асқар Базарбай (Gastarbaiter) деген кісінің жазған блоктары ұнайды. Мысалы ол кісі тренажер залында қалай жаттығу керек ,сондай секілді тақырыптарда жазады. Өйткені өзі тренажер залында жаттығады. 

Сосын Айдархан уикипедиядан көшіріп жазғандай корпоративтік блогтар болады. Оны жеке адам емес,компаниялар,ұялы байланыс операторлары,телеарналар халыққа жаңа өнімдерін , жаңа қызметтерін, жаңа бағдарламаларын ұсыну үшін жүргізеді. 

Мен қазіргі кезде optimist-blog.ru деген блогты қарап жүрмін,мұнда бір орыс жігіт шпагатқа қалай отыру керек сол туралы суретпен көрсетеді. 

Қазақ интернетінде өзің блог жазу үшін дайын блогтұғырларды пайдалануға болады не өзің ашсаң болады. 

+1 дауыс

Сіздер блог әлеміне жаңадан келіп жатқан қолданушы болғандықтан, блогтың мағынасын, онда не жазуға болатынын дұрыс түсінбей жүрген шығарсыздар, өйткені сапалы блогтардан бұрын шаблонды, шығарма блогтар көптеп жазылып кетті.

Блог – бұл былайша айтқанда электронды күнделік. Бәріміз бұрын күнделік жазған шығармыз? Онда сіз әдебиеттен берілген шығарманы жазбайсыз ғой, немесе қоғамды толғандырған мәселені жазбайсыз. Тек, өзіңіз түсінген, түйген, СІЗДІ толғандыратын мәселелерді жазасыз. Блог та сондай. Сіздерге түсінікті болу үшін блогқа не жазуға болатыны жайлы бірнеше пункті атап өтейін:

1. Өз өмірізден қызықты бір оқиғаны жазыңыз. Оқырмандар да сондай оқиғаларын естеріне алып, қостап пікір жазады. Ол үшін оқырманға ой салыңыз, "сіз қалай ойлайсыз" дегендей...  

2. Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Сіз бірдеңені қолданып көрдіңіз делік, қандай нәтиже берді немесе бермеді? Мысалы, жаттығу залына бардыңыз, ондағы нәтижелеріңіз, қандай жаттығу түрлерін қолдандыңыз, баптаушыңыз қандай кеңес берді және т.б.

3. Соңғы оқыған кітабыңыз. Мысалы, бір кітап сізге керемет әсер етті немесе түкке тұрмас кітап па? Оның авторы кім, ол жайлы не қызықты білдіңіз? Немесе кітаптың жазылу барысында бір қызықты оқиғалар болған шығар. Бірақ әр нәрсенің екі жағы болатынын ескеріңіз: кітаптың кемшілігімен қатар, артықшылығы болары хақ.

4. Бір сұрақтарға байланысты сіздің пікіріңіз. Мысалы, қоғамды дүрліктірген бір мәселеге қатысты пікіріңізді блогта жариялаңыз. Неге олай ойлайсыз, бәрін дұрыстап, дәлеліңіз болса нақтылап жазыңыз.

5. Шоу, концерт, фильм, телехикаяға байланысты ойыңыз. Несі ұнамады, керісінше несі ұнады. Әрдайым кемшілігі мен қатар, артықшылығын да жазуға тырысыңыз.

6. Сізге қатты әсер еткен оқиға. Көшеде, автобуста, таксиде бір оқиғаларға куә болдыңыз немесе әңгіме естіп қалдыңыз. Соған байланысты пікіріңіз: қарсысыз ба, немесе қолдайсыз ба...

7. Өлең, әңгіме. Әрине, шығармашылығыңызбен бөлісу дұрыс. Алайда, оны бірінен кейін бірін жариялап, оқырманды мезі етпеңіз. Әдемі сурет таңдаңыз, соған сәйкестендіріп өлеңді де әрлеп қойыңыз.

Қысқаша айтқанда, блог – сіз жайлы айтуы керек. Тек сіздің шынайы ойларыңыз, сезіміңіз, әсеріңіз. Біреуге ұнайтын, біреу үшін жазба жазбаңыз. Және блогыңызға аз пікір жазылып жатса, немесе тіптен пікір жазылмаса - қапаланбаңыз. Сіз дұрыс мәселені қозғауыңыз да мүмкін, оқырман сізбен келісіп отырған болуы керек, сол үшін де басын изеп кетіп қалған да шығар. Көбіне пікірлер қарама-қайшылық тудыратын блогтарда көп жазылады. Оқырманды ойландыратын, пікірін білдіріп кетуге мәжбүрлейтін тақырыптарды жазуға тырысыңыз. Сонымен қатар, сізге пікір жазылсын десеңіз, өзіңіз де басқа блогтарға пікір жазып, белсенділігіңізді көрсетіңіз. Жарқындылығыңызбен көзге түссеңіз, бұл адам блогына не жазды екен деп, сіздің блогыңызға да қызығушылық туатын болады.

Қызықты блогтар көбейе берсін!

...