Барлығы айтып жатыр: "президент үйтпеді, бүйтпеді" деп. Жамандай бергенше неге ең болмаса бір жақсылығын айтпасқа. Мынандай сөз бар: "Барлық адамның бір жаман қасиеті - бір жамандықтан соң мың жақсылықты ұмыту". Әрине, кемшіліксіз адам болмайды. Неге жасаған жақсылығын айтпаймыз. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан көптеген қиыншылықты бастан кешірді: зейнетақы, жалақы берілмей, зауыт-фабрикалар жабылып, адамдар жұмыссыз қалды. КСРО-ның құрамында болған барлық елдердің басынан осы қиыншылықтар өтті. Басшылары жақсы болып төтеп бере алғандары дамыған елдердің қатарына қосылды, ал кейбір елдер әлі де сондай жағдайды бастан кешіп жүр. Сол үшін де президентіміз КСРО-ның тарағанын қаламады, еліміз сондай жағдайға тап бола ма деп қорықты. Қазақстанның аяғынан тік тұрып кетуі осындай қиналған сәтте жол таба білген ақылды басшымыздың арқасы (тәуелсіздікті алып бермесе де). Біз өз басшымызды мақтамасақ, оны келіп Қытай, не Ресей мақтамайды. Өз басшымызды құрметтеу біздің бірлігіміздің күшті екенін көрсетеді. "Мына халық басшысын қалай құрметтейді, ынтымағы мықты екен, бұл елге іріткі сала алмаспыз" деп ойлайды. Қарапайым ғана мысал, Солтүстік Корея халқы өз басшысын қалай құрметтейді. Ким Чен Ир қайтыс болғанда қалай қайғырғандарын жаңалықтардан көрсеткен болатын. Соған қарап, "бұл неткен керемет басшы еді" деген ойға қаламыз. Шындығына келгенде, халқының тұрмыс-жағдайы нашар. Өздеріңіз бір сәт ойланып көріңіздерші, "президенттің орнында болсам не істер едім?" деп, "былай жасар едім, олай жасар едім" деп айту әрине, оңай. Басыңызда бір шайна ми болмаса, халықтың қамын ойлай алмасаңыз елбасымыздың істеген бір де ісін жасай алмас едіңіз. Әлем халықтарының назарын аударған EXPO-ны айтпаймыз, Азиаданы айтпаймыз, ал жамандауға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Халық - көп, елбасы - жалғыз; жаулары көп, елбасы - жалғыз. Жалғыз өзі Қазақстанның көркеюі үшін қолынан келгенше тырысып бағуда.