+1 дауыс
529 көрілді
Біздің келесі президентті Путин таңдай ма?  ой бөлісейік,пікір талас болсын

10 жауап

0 дауыс
Халық таңдамай ма? Путин біздің елге президент таңдап беретіндей кім сонша?
оқып көр
Қазақсатндық бір саясаткердің айтқанын естіген едім. Қазақсанның президенті астанадағы президент емес негізгі пезидент москвада отыр деп. сен Путинмен ойнама, тәуелсіздігімізді алдық енді оған бағынбаймыз деп. соның айтқанымен жүріп келе жатырмыз әлі күне дейін
+1 дауыс
Қайдағы жоқ жаңалықтарды қайдан тауып аласын,походу өсек көп тындайсын-ау дим?

Путани ол Рессей елінің президентті ал ол біздің ішкі саясатымызға араласа алмайды құқық тарихты оқы бала,АЛ ПРезидентті өзімі халық  сайлайды?
Біздің келесі президентті Путин таңдай ма?

Жағдайымыз мәз емес. Мойындайық. Жаралы аю орнынан тұрды. Бір-ақ қарпып Украинаның қоңды жерін жұлып алды. Тоя қоймас. Араны енді ашылады. Енді ол жемтігім дегеннің бәрін жұлмалайды. Өлсе, алысып қансырап өлмек. Өлмесе... е-е, онда әлемдік бөліс қайта жасалады. Бүкіл әлем орысқа қарсы деген ертегіні айтпай тұра тұрайық. Әлемдік саясаттан ойып тұрып орын алатын Қытай мен Иран оны қолдап отыр. Бәрі бірігіп әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған еврейлердің супердержавасы АҚШ-қа қарсы тұрмақшы. Әлемге «әділ бөліс» жасамақшы. Бірақ бұлар АҚШ пен жау екен ғой, бізге қастығы болмас деп емексіп қалмаңыз. Олар сол біз үшін тартысып жатыр. Бізге таласуда. Әрқайсысы менікі дейді. Ех, дүниенің кеңдігінен пайда болмай тұр ғой.

Ата-бабамыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген жерді одан әрі көздің қарашығындай сақтап, егемен ел болып тұра аламыз ба? Ертең Ресей бізге бөтен ниетпен келе қалса қарсы қояр неміз бар? Рас, бізде қару жоқ. Мылтықтың өзін орыстан сатып аламыз. Халқымыздың санына сай әскеріміз Ресей армиясынан ондаған есе аз. Күні бүгінге дейін тыныштығымызды мұнаймен сатып алып отырған елміз. Ғылым-біліммен де өзгеден озып кетуіміз екі талай. Сонда не қалды? Кімге және неге сенеміз деп тығырыққа тірелеміз.

Өйтейік те, бүйтейік, билікті төңкеріп тастап, орыстарға қарсы шығайық, қытайды жолатпайық, АҚШ-тың алқымынан алайық деп өтірік алаөкпе болып қайтеміз. Ит те тамақтан өтпейтін сүйекті жұтпайды. Шамамызға қарап шалқиық та.

Рас, Ресей алып мемлекет. Қай жағынан алып қарасақ та бұл елмен бірден атқұйрығын кесісіп кете алмаймыз. Бірақ, Ресей қанша ашкөз болса да дәл бүгін бізге ашық басып кіре алмайды. Жалғыз Ресей емес, өзге елдер де. Тек басып кіретін жалғыз жолы бар – егер елімізде тұрақсыздық орнап, көршілеріміздің «әскери көмегі керек» болса ғана. Яғни, қазақтар бір бірімізбен жауығып, атысып-шабысып, көшеге шығып бүлік жасап жатсақ онда Ресей бір-ақ күнде басып ала салады.

Енді ең ауыр сөз. Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды. Елбасы Н.Назарбаевтың мұрагерлікке таңдаған адамдарын Путин қолдамай отыр деген әңгіме бос сөз емес. Н.Назарбаев елді сақтау үшін қалай болғанда да өз орнына бұрынғыдай көпвекторлы саясат жүргізетін адамды қалдырғысы келеді. Ал Путин ресейшіл адамды қалайды. Ал Ресейдің таңдауы кімге түсері әзір белгісіз. Бір сатқынның табылары анық. Ондай сатқын табылып, ол таққа отырса Янукович секілді елімізді орыстың табанына салып бере салады. Тағы қайталап айтамын, ондай адам таққа келетін жалғыз жол бар – ол бүлік арқылы билікті қолға алады. Сондықтан елінің ертеңінен үміті бар әр қазақ тыныштықты бірінші орынға қоюы керек. Ешбір бүлікке қатыспа, үйіңде отыр. Бүлікке өз мемлекетін, билігін жау санайтындар ғана шығады. Бұл Исламның да талабы. Бізге керегі бірлік. Жауға керегі бөлінгеніміз.

Бізге ойланатын, оянатын кез жетті ғой. Есі дұрыс адам орыстай аюдың, қытайдай айдаһардың ауызынан тек бірлігіміз болса ғана Аллахтың ғана қалауымен аман қалатынымызды білсе керек-тін. Жасыратын не бар – алпауыт елдердің Украинадан кейін көз тігіп отырғаны мемлекеті біздің еліміз болып табылады. Бұл туралы соңғы кезде ашық та айтыла бастады. Жириновский бастаған ұлтшылдардың ұрандатуы, Қарағандыдағы сүлдерін сүйреткен жаман орыстардың СССР-ді аңсап шеру өткізуі үлкен бүліктің басы болуы мүмкін. Айғайға сүрең қоссақ ұтыламыз.

Елбасы еліне сеніп отыр. Тыныштық бәрімізге қымбат. Тәуелсіздік асыл қазынамыз. Қазақ бірлікке дәл бүгінгідей мұқтаж болған емес. Егер жұдырықтай жұмылсақ бір қазақ он орысқа, жүз қытайға төтеп бере алары сөзсіз.

Ал өз ішіміздегі ең үлкен кемшілік, бүкіл әлеуметтік проблемалардың бастауы – сыбайлас-жемқорлыққа төңкеріспен тиым салынбайды. Ол үші елдің иманы күшеюі тиіс, иманды елден иманды шенеунік шығады. Сондықтан билік андай-мындай деп өз арамызға өзіміз сына қақпай ертеңнен үміт етейік.
саясат бәрі,политика
0 дауыс
Осы сұрақты оқып, сұрақ қойған адамды көргім келіп кетті. Қандай адам екен деп. Ұлттық намысың жоқ па? Кішкене болса да ойлансай, сұрақ қояр алдың. Қаншама жыл Ресейдің қол астында болғанымыз жетеді. Өсектерге сене берме, өтірік нәрсе ол.
мынаны оқып көр
ащыда болса шындықты жаздың бауырым, жарайсың
адамдар анық қанығына бармай боқтап тастадыма бірдеме ғо
соны айтам
²°¹4 MeDeT  бұл өсек емес көз алдыңда өтіп жатырған дүние,көзіңді аш
Қазақ деген халық бар емес пе? Айдаладағы біреуге таңдатып қоймаймыз. Олай істейтін болсақ біз не үшін өмір сүріп жүрміз?! Сондықтан аннан, мыннан айтылған әңгімелерге сене бермеңдер. Ол да бір адамның айтқан пікірі!
пікір әрине бірақ әрнәрседен хабардар болған дұрыс қой,
0 дауыс
Біздің алғашқы президентімізді сайлағанда мемлекетіміз әлі де КСРО-ның құрамында болды,сондықтан.Ал қазір егемен елміз өз басшысын өзі сайлайтын,жеті жыл сайын болып тұрады ғой халық таңдауымен президент сайлауы.
0 дауыс
адиі авторитетінді которин деп койган шыгарсын осы суракты
қайдағы авторитет сен мұнда авторитеть жинау үшін кірісін бе не? маған керек емес ел тыныш болса болды
+1 дауыс
Өз басым бұндай әңгімені естімедім,бірақ "Біз егеменді елміз,біз сондаймыз,біз мынадаймыз" деп бос қиялға беріліп керек емес,Қазақстан Ресейдің ықпалымен жүреді,Орекеңдердің айтқанына құлақ аспайтындай дәрежеге жеткен жоқпызғой,мүмкін рас та болар,жел болмаса шөптің басы қозғалмайды.
+1 дауыс
Әділет бауырым елдегі шындықты қозғадың. Тек жауып тастамас деп ойлаймын сұрақты. Ресейге, Путинге өзінің қол астындағы елдердің(ішінде Қазақстан да бар) басшыларының өзіне жалтақтағандары, айтқанын істейтіндері керек. Соның бірі НАН. Ол бізді, халқын сатып кетті. Елді кедендік одаққа(кесір одақ) кіргізді, Байқоңырды соларға жалға берді қаласымен. Қазір елдің жағдайын, кімнің кім екенін білмейтіндерге таңым бар.Қазақстан, Хабардағы, сондағы кісінің қол бұлғап, күліп жүретініне әлі де сенеді кейбіреулер. Ол "ертегілер" каналы ғой. Интернет қолдарында бар, ішінен не қарайтындарын түсінбеймін. Президентті, депутатты халық сайлайды дегенге кім сенеді? Сайлау деген әшейін нәрсе. Сайлаудан кейін бюлетендерді лақтырып, орнына өздері толтыра салады. Бұл ащы да болса шындық. Келесі президентті Путин таңдайтыны ол да шындыққа жақындайды. Енді дәл мынау деп көрсетпес, бірақ оған Назарбаевтай өз еркімен жүре алмайтын, халықтың жағындағы емес адам керек. Егер басшы қазақты ойлайтын, халыққа жаны ашитын адам болса, Ресей қарап отырмайды. Өзімізді де түсінуге болады, 300 жылға жуық солардың отарында болдық, әлі де толық еркіндік алған жоқпыз. Бізге тыныштықтан басқа не керек деп ойлаймыз. Бірақ күндердің күнінде әділетсіздік шегіне жеткенде тарихи шешім қабылдайтын уақыт келеді. Және ол құрбансыз болмайды. Ол уақыт бізге келер, мүмкін бізден кейінгі ұрпағымызға келер.
шындықты қанша жасырсақса бәрі өзімізге кесірі тиеді, ауруын жасырған ауырмай өледі дейді, мен президентті қолдаймын, ол өзі таңдап ұлтжанды  біреуді отырғызу кенрек, егер ешкім қойылмай алай бұлай болса елде берекет қашып. ресей әскерін кіргізеді де Украина сияқты отарлап алады, сондықтан әрбір қазақ баласы тынышыңмен үйде отыр, ереуілге қатыспа айтарым
0 дауыс
Путин сайлай қоймас бірақ кім сайласада халық сайласада бәрібір сол келесі болатын президентіміз, қазіргі президентіміз сияқты Ресейге бағынатын болады амалдың жоқтығынан. Біздің айтып жүрген тәуелсіздігіміз ол отірік тәуелсіздік, біз әлі толық Орыстардан тәуелсіздігімізді алған жоқпыз.
Қолда барда алтынның қадірі жоқ деген. Осы күнге "тәубе" де. Оның орнында басқа біреу болғанда кім білсін осы күнге де жетпейтін едік. Бәрін білгіш болсаң сен президент бол айналайын!
аналмақ қойш. Болам бұйыртса енді бір 20 жылдан кейін. қазір болып алайын десем жасым жетпейт.
0 дауыс
Естіген өсектерді сұрақ қылып қоя бермейік, болмайтын нәрсеғой ол.
сен үшін елің толғантпаса отыр үнсіз
Егерде солай болып жатса Путин көкеңе менен сәлем айт.
бауырым  Путин көкем деп жатканым жок
0 дауыс
оның бұл жерде қандай қатысы бар .Біздер мына халық болып тандаймыз
...