+7 дауыс
1.1k көрілді
Сәлеметсіздерме! Менің атым Дәурен 1994 жылғымын Менің қояйын деген сұрағым Мен 2007 жылдан бері 2 топ мүгедекпін қазір бір жақ қолым икемсіз.Әрине қатарыңдағы балаларға қызығасың солар сияқты болғым келеді.Бұрын қызбен танысып,сөйлеспегенмін өйткені намыстандым мүгедек менің жігітім деп айта ма? деп,Маған кеңес беріңіздерші.Мен енді не істейін?Қатарымдағы балаларға қатты қызығамын,Қазір қатты жалғызсырап жүрмін,Мен қызбен жүре аламын ба?Қыздар маған қарайды ма? Әзіл - қалжыңсыз жауап жазыңыздаршы.

16 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Ассалаумағалейкум бауырым. Сенің сезіміңді керемет түсінбесем де,ой бөлісіп көрейін. Мен де 3 топтағы мүгедекпін. Жұмысқа тұрарда, әскерге барарда, көлге түсерде ...... т,б. қызықты сәттерде достарымнан артта қалдым. Кейде Аллаға  ренішімді іштей білдірдім. Бірақ мұның бәрі балалық екенін кейіннен түсіндім. Алла егер басқа салса солай болуы керек болғандықтан басқа салады, өмірде тағдыр деген мәселе бар оны да естен шығармаған жөн. Мен кейбір жұмыстарға жарамсыз болғаныммен,басқа жұмыстарда қатарымнан оқ бойы озып шықтым. Сенде де сондай дарынның бар екеніне сенм бастысын соны шығар. Тек мүгедек жандар ғана дарынды деуден аулақпын, бірақ Алла бізге бір сын берсе,артынан сыйы болатынына сенемін. Жалпы жаза берсем ой жетеді.... Ал қыз жөнінде айтар болсам қазір жанып тұрған сәтіңде сенде қол ұстасқың келеді т.б. Бірақ өмір онымен шектелмейді. Өмір оданда үлкен ауқымды қамтиды. Ең бастысы иманыңа берік бол да,қалғанын Аллахқа тапсыр. Егер көп жазып мылжысам айыпқа бұйырмаңыздар. Менде қиналғам менде жынданғанмын, сондықтан оның бәрі өткінші екенін білемін және сенемін.
Айтқан сөзін жаныма батты. Ойларымыз бір жерден шығып отыр. Мен де 3 топ мүгедек боламын. Бірақ, ресми түрде рәсімдеген жоқпын. Ата-анам, өзім бұл жайттан қысылатындаймын. Өмір жалғасуды, уақыт өте келе өмірдің бұл сынағына да үйренесін.
  Дәурен, сұрағыма кешір. Қолынның кемшілігі бір апаттан кейін болды ма? Әлде туғаннан. Өзімнің аяғым жартылай қызмет істемейді. Нейропатия малоберцового нерва деген диагноз.
 Жарақат алғаныма 2 жылдан асты. Сол уақыттан бері кемпірлермен көп танысқам шығармын, қыздарға қарағанда. Уақытысы келгенде бәрінің болатынына сенімдімін.
+4 дауыс
Әрине сен ешкімнен кем емессің, қызға жайлап қырындап үйрену керек, жақсы сөздер барғой сынбайтын қыз жоқ сындыра алмайтын жігіт бар деп, сенің майдайыңа жазылған бір жардың бары хақ,соны тезірек табуыңа тілектеспін, мойынсын ба бәрі алда,тек өмірден жалықпа,бәрі алда
+4 дауыс
Инша Аллаһ әрине қарайды, шын мәнінде сенің бізден еш жерің кем емес, өйткені неге десең, Алла адамдардың дене-бітіміне, бойының ұзындығына, денесінің ірілігіне, киімінің әдемілігіне емес, түрінің сұлулығына емес, бәлкім, жүрегінің әдемілігіне қарайды. Жүрегінің тазалығына, мейірімділігіне, адамгершілігіне қарайды. Алладан үміт үзбе, бұл өмірде адамдардан артық болудың, бақытты болудың өлшемі сыртқы сұлулықта, сыртқы дүниеде де деп түсінбе. Барлық жаратылысқа мейірімді болуға тырыссаң, Алла Тағала бақытты құлы етеді. Қазіргі заманда қаншама адамдар бар, 12 мүшесі сау болса да, адам санадан асатын іс-әрекеттер жасап жүрген. Алланың белгілеген жолында болсаң, Аллаға жақын болсаң, саған бақытты ойламаған жерден жібереді.
+3 дауыс
Әрине қарайды,тек өзіңіз қарата біліңіз,ақылы бар қызды таңдаңыз,оған қызықты әңгімелер айтыңыз,бірінші дос болыңыз,сыйлық сыйлаңыз,әйтеуір көңілінен шықсаңыз болғаны.Сосын ол сізге бауыр басып қалады ғой,сосын реті келсе жүруге ұсыныс жасаңыз,ары қарай осылай-осылай жалғасып кете береді.Тек намыстанбаңыз,қайтпаңыз!Сәттілік!!!
–1 дауыс
Қарату өзiңе байланысты
+2 дауыс
Салам бауырым. Сен шынында ешкімнен кем емессің. Калжындамай деген не сөз?! Мұнда бәрі тәртіпті. Сен өз жан-жарынды таба аласың. Мен сенемін.Тек сенімді бол!!!
+1 дауыс
Бәріңіздің жазған жауаптарыңызды оқыдым бірақ менің өмірім өтіп бара жатыр? Мен ойлаймын үйленер әйел әрине табылады білемін.Бірақ мен қалай үйленемін қызбен сөйлесе алмасам,әлде алып қашамын ба?Міне бұған жауап Университетте қыздарды көріп қызығасың,білмеймін неге екенің әлде Ер адам болғаннан кейін бе? әлде бұрын қызға жоламағаннан ба?Білесіз бе? менің өмірім бір орында тұрмайды.Балалармен тұрғанда олардың сана - сезімі,ойлау қабілеті менікімен салыстырғанда жер мен көктей.Осының кесірінен тұйық,епсіз болдым.Мектепте оқып жүргенде сыныптастарыммен сөйлеспейтінмін өйткені біріншіден,мен мектепте емес үйде оқитынмын екіншіден,олармен сөйлескенде олар менің кеудемнен кері итергендей болатын сенің денсаулығың жоқ дегендей.Мектепте не туған күнге,кештерге,күзгі балл,жаңа жылға қатыспайтынмын.Үнемі жалғыздан жалғыз жүретінмін,қазірде солай білем бұлай жүруге болмайтының.Бірақ не істейін?Кедей мен бай.Сауатты мен сауатсыз,дені сау мен мүгедек тең бе?Ойлайсың болды ертен бір қызды өзіме қаратамын,енді тағдырымды ұмытам деп?-ал одан кейін қыздың жанына барсаң не сөйлейтініңді білмей айтар сөзіңді ұмытып қаласың.Қорқамын қызбен сөйлесіп жүріп денсаулығымды білсе көңілі қала ма деп?
Дәурен, інім. Мен шынымды айтсам, саған жауап беруге бола тіркелдім. Жә, өтірік айтам. Осыдан бірер жыл бұрын тіркелгенмін. Бірақ жауап бере қояйын десем, ұмытып қаппын логинымды.
+4 дауыс
Қыздармен сөйлесуге ұялатын жігіттер он екі мүшесі сау жігіттер арасында да көөөп.
Ал енді бері қара, болған іс болып қойғандықтан, және оны түзеуге тап қазір қолымнан ештеңе келмейтіндіктен, мен сені аяп, сенің қазіргі жағдайыңа қанағат етіп, риза болуға үгіттегім келмейді. Өйткені... ну бляяя кімді алдаймыз, мүгедектік деген қиын нәрсе. Оны әспеттеудің не қажеті бар.
Рас, қазіргі жағдайың мәз емес. Және болашақта да, егер сен ештеңе істемей, өзіңді бәрі жақсы деп алдап, осылай жылап жүре берсең, сені қызығарлықтай дәнеңе күтіп тұрған жоқ аса деп айта аламын.

Екі жол тұр, біріншісі өзіңді өзің аяп, қолыңды, үйден шықпағаныңды, мектебіңді, көкірегіңнен итерген құрдастарыңды кінәлау. Былайынша, осы уақытқа дейін сондай боққа тұрғысыз тірліктерге көп қуатыңды жұмсағанға ұқсайсың. Одан бәріміз де өткенбіз.
Ренжіме. Бірақ, қолың істемейді екен деп сені еркелетейін деп тұрған мен жоқ.

Аяушылық саған ауырған кезіңде керек болды. Ал енді ауырып болдың ғой. Енді саған аяушылы керек емес. Өйткені, қалғаны осымен әзірше қалды. Соны түйіп ал, осы бастан, сені аяйтын адам ауруханадан тыс жерде сені алға сүйремейді.
Саған қолың мүрік болса да ештеңе етпейді дейтін қыздар мен жігіттер бұтақты жеген екіжүзділер. Тап солай табан астында гуманист бола қалған қызға, менің қызым болшы онда деп көр, сенбесең, қырық себеп айтып тайып тұрсын.
Шындықтың бетіне тура қарап үйрен осы бастан...
Бірақ мәселе қыздарда, сенің көкірегіңнен итерген құрдастарда, не тағы басқа құдайдың өлімінде емес. Мәселе тәжірибенің жоқтығында.
Сен маған күледі деп, немесе мені менсінбей қояды деп, немесе білсе қыздар тастап кетеді деп өзіңді өзің аяп отырсың.

Тастасын. Наққа жіберсін. Қарсы жыныспен қарым қатынас деген тіптен он екі мүшең сау болмақ түгілі, супермен болсаң да ренішке, өкінішке, облом мен косяктарға әкелуі мүмкін. Бұл қатерден аман қаласың деп Құдай ешкімге уәде бермеген. Сұлуы болсын, мықтысы болсын барлығы өкініш пен көңіл қалу, жалғыздықтың кейбір кезеңдерінен өтеді. Ол сабақ. Ол сабақтан тек жаныма жара түседі деп қорыққандығыңнан бас тарту, міне сатқындық. Міне қорқақтық. Сен қанша болды өзіңді жасырып келгеніңе жұрттан. Паш ет жақсы жақтарыңды. Дамыт қолыңда бар қасиеттеріңді. Дене шынықтыра баста,. Дұрыс киін. Тісіңді әппақ етіп тазарт, қажет болса ақша жинап бреккет салдыр, жақсы әтір себініп, алдымен жай көшедегі әжелермен жол сұрасып үйрен. Бір кәсіпті не дағдыны басқалардан жақсы жасай алатындай меңгер. Көпшілікте сөйлеп үйрен. Көшедегі қыздармен күліп ешқандай мақсатсыз жай көңілің үшін амандасуды үйрен. Алғашында қыздар қабағын түюі мүмкін, өйткені сенің тәй-тәй басып жүрген балмұздақ екенің маңдайыңда жазылып тұрады. Кейін етің үйренген сайын, сен де әккі боласың.  Пойызда, автобуста, көшеде адамдармен кез келген, мейлің ең топас болса да, жайдары, жақсы тақырыптарға әңгіме дүкен құруды үйренесің.

Ал біреудің сөмкесін таситын чорт балалар он екі мүшесі сау жігіттердің арасында да жетеді.
Егер жігіттермен конкуренцияға шыдай алмаймын десең, екі аяғың бар ғой, Таэквондоға қатыс.Бойыңдағы жылауық қатынды бірден сілкіп шығарады спорт секциясында.
Бірер жыл дегенде тепкеніңді тепкендей құлататын боласың. Бірақ бастысы, рух! Рухың көзіңнен жанып тұру керек. Көшеде біреу көзіңе аларып, қараса ешуақытта көзіңді төмен түсірме. Қорықпа, өлтірмейді. Есесіне, рухың шынығады. Ішкі сенімділік оянады.
Сөз соңында бір нәрсе айтайын бауырым.
Баяғыда елдің бәрі жорыққа шығайын деп жатқанда, бір батырдың көтіне шиқан шығып, сыртқа шықпай қойыпты. Содан сарбаздар бұл батырдың неге шықпағанын білейін деп үйіне келеді. Сарбаздардың көңіл сұрауға келгенін естіген батыр шиқанынан намыстанғандықтан, айтарға дұрыс себеп болсын деп бір көзін өзі ойып алады.
Көзі ойылып қалған батырды көрген достарының айтқаны:
"Ой, білә (енді білә демеген), сенікі әншейін бір ғана көз екен ғой, біз көтіңе шиқан шығып, атқа міне алмай қалды екен десек, жай ғана бір көз екен ғой. Екінші көзің бар емес пе?" депті.
Сол сияқты, қимылда. Алдыңда кездесетін жасанды аяушылыққа да, талай талай сыпайы түрде айтылған кетнаққа да дайын бол. Әзіл-қалжыңсыз деген не бәле? Біреу қалжыңдаса жылайсың ба не? Қалжыңдаса қоса қалжыңда. Өзіне прикол ұста. Тіл байлығыңды дамыт. Ә десе, мә деп мат қылуды үйрен. Ол үшін, және ол үшін ғана емес, шыдамдылық, уақыт пен ынта керек. Бір күнде емес, біртіндеп жететін дүние бұл.

Сосын сен де осылай біреуге жауап бересің. Ал енді сұрақ өзіңе арналады. Сенімен өзің сияқты қиындыққа ұшыраған қыздар жүре ала ма? Сен оларға қарайсың ба?

Ізгі ниетпен,
~beu.kz сайты
Ә дегенге мә деп не қылайын.Таэквондоның қажеті қанша.Мен 2007 жылы Инсульт алғанмын содан бір қолым мен бір аяғым істемей қалған.Онсызда мен шығыс жекпе - жек өнерін меңгергенмін.Ә дегенге мә деп,өтірі батырдың,не тәжірибелі еркектің рөлін ойнағым келмейді.Арымның алдында таза болғым келеді,Сол себептен арақ,темекі,жезөкшеден аулақ жүрдім,Қазіргі кезде философияны.шығыс жекпе - жек өнерін,классикалық музыканы жақсы көремін.Және діңге жақынмын.Білесіз бе? мен сияқты жүру өте қиын.Енді қызға жақындайтын кезім болды ғой деймін.Білем менің ойлау қабілетім басқалардыкіндей емес.
0 дауыс
Қарайды әрине.Сынбайтын қыз жоқ
0 дауыс
салем.Алланң жазғанына қарсы шыға алмаймыз.дегенмен, жақсы нәрсе ойла)позитивті бол дейді ғой.егер сені шын сүйген ару болса, ол сенің мүгедектігіңе қарамайды.ұялма.ұялшақ жігіттерді аса ұнатпайды.бақыт тілеймін. Beu-kz жақсы жауап жазған екен
+2 дауыс
Сәлем сенің берген жауабыңнан ерік-жігеріңнің аздығы байқалып тұр! Жалпы сен өзіңді аяуды қажет етуші болма! Керісінше саған таңдана, таңғала қарағанды ұнат. Мәселен: мен саған таңғалып отырмын, сені мүлде аяп отырған жоқпын нағыз жігітсің басыңа салған қиындыққа қарамастан алға ұмтылғың келеді! Өте тамаша қадам, алайда маған қыздар қарамайды мен мүгедекпін дегенді басыңнан шығар. Дұрыс айтады біреу саған қалжың айтса, сен де оның әлсіз тұсын қалжыңға сүйеп айтып үйрен. Намысыңа біреу тисе сен де қалыспа ал бұл жерде арланудың керегі жоқ! Ондай сасық көкірек кімге керек, керісінше алға ұмтыл, талмай еңбектен, қыздааар....Бұл мәселеде айтар болсам 1 жақсы қыз тауып ал, сосын оның қасында өз кемшілігіңнен қысылмай еркін жүр, керек болса киноға шақыр қарсылық танытса бетіне менсінбей тұрсың ба деп нагла айта сал! Сонда қыз сенің кемшілігіңді ұмытып сенің батылдығыңа басын иеді! Өзіңнің жақсы қасиеттерің арқылы сені мүсіркей қарайтындарға өзіңнің алдыңда бастарын игізе біл! Жалпы тема сенің мүгедектігің жайлы емес қыздар маған қарайма болып тұр ғой, мен айтар едім әрине қарайды!
Сәлем, Құлпынай, атың керемет екен)) вк-ға кіресің ба?
рахмет))))иә кіремін!
+1 дауыс
сәлем, Алла тағалам шипасын берсін. Әрине қарайды. Алла тағала әр адамға өз теңін өз қамқоршысын жолықтырады. АЙТҚЫМ КЕЛГЕНІ жүрегіңдегі иманың сөнбесін сонда өзіңеде жүрегінде иманы бар қыз жолықтыратынына мен сенемін. Мен қыздардың атынан айта алам, әрине жүрегінде иманы бар әр бір қазақ қызы сырт келбетіңе емес жүрегіңе ғашық болады деп ойлаймын.  ИншАллах өз бақытыңды тауып алла тағалам саған ұзақта бақытты ғұмыр силасын :
0 дауыс
Сәлем! Аллам шипасын берсін, жазылуыңа тілектеспін, қазір нешетүрлі ғажайыптар болып жатыр,соның бірі сеніменде болса екен!!! Мен сіздің жағдайыңызды керемет түсінбеймін,бірақ жақсы таныс... Жаратушымыз бір шетінен қыспаққа алса, бір шетінен көмегін береді! Өзіңді олай кемсітпе, сенің басқалардан ешқандай кемшілігің жоқ! Бұл тек сіздің ғана басыңыздан өткен емес! Батыл жігіттердің бірі екенсің! Жүрегінде иманы бар қыздардың бірін жолықтырасыз,мен сізге сенімдімін.Жоғарыда Акосия айтып кеткендей,жүрегіңізден иманыңыз кетпесін! Әрине, біз мәңгілік өмір сүрмейміз,өмір өзендей ағады да өтеді! Әлі-ақ сіздің бақытыңызға іштері күйетін жандарда болады! Тек сіз басыңызды көтеріп, өзіңізге ұнайтын іспен айналысып,соны ермек етіп алыңыз! Аллам сізге жар болсын!  Сіздің сыныптастарыңызға сөз жоқ ,өзімшіл,өркөкірек десемде болады...
0 дауыс

Не деген тамаша ойлар айтылған, оқып отырып тебіренгенімді жасыра алмаймын.  Жауынгер, сен бекер қапаланасың ба деп ойлаймын, себебі сен керемет рухтың иесі  екендігің байқалады, бәрін жеңесің. Денсаулық жетімсіздігінің бәрі мүгедектік емес, Аллам он екі мүшесі түгел ниеті бұзық мүгедектіктен сақтасын деймін.

0 дауыс
Ең алдымен айтарым жазылып кет. Қазақтың ару қызы болса сеніңқиын өміріңе қарамай, сені жақсы көреді. Бірақ қазірде олар азайып бара жатыр кілең өңшең сәнқой болып.
Сәлем иә сен шындықты айтқан боларсың алайда сенің міндетің адамға үміт ұялату бұл айтып отырғаның не керісінше қолдау көрсетпемісің?
...