+2 дауыс
2.8k көрілді

Отау тв да "Ел арна" арнасына аударсаң:

Не себепті жұмысын тоқтатты?

Қош бол, жастарға арналған қазақша ең тәуір телеарна еді, жоғары жақтағыларға ақша керек болған шығар.
Белгісіз
ID-TV-дан да осылай шығып тұр. Қитұрқы саясаттың кесірі деп ойлаймын.

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұған дейін ақпарат ағынында «Ел арна» телеарнасы жабылады деген сөз желдей ескен еді. Бірі – наурыздың басында көрсетілімін тоқтатады десе, енді бірі сәуірде деді. «Жел тұрмаса, шөптің басы бекер қимылдамайды» деген рас екен.

Кеше Мәжілісте «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев арнаның неге жабылғанына түсініктеме берді.

«Ел арнаға» бөлінетін республикалық бюджет қаржысы «24.kz» телеарнасын қаржыландыруға және жаңа фильмдер түсіруге жұмсалатын болады. Бюджет жобасын талқылау барысынде депутаттар тарапынан «Ел арна» телеарнасының жұмысын тоқтату себептерін түсіндіру сұралған болатын. «Біз жыл сайын «Ел арна» телеарнасына 2 млрд. теңге бөліп келген болатынбыз. Алайда, рейтинг бойынша осы арна 300 млн. теңгені ғана жинай алады», –  деді министр Ерболат Досаев.

Президент былтыр қазан айындағы кеңейтілген отырыста контент бойынша сұранысқа ие телеарналарға ғана қолдауды жалғастыруды жүктеп, тапсырма берген болатын. Бұл мәселені де қаперге алған министр Досаев: «Ел арна» контенті жартылай сатып алынған, аударылған хабарлардан құралған, ал өзінің құрап отырған контенті жеткіліксіз. «Ел арнаға» бөлініп келген 2 млрд. теңгенің тең жартысы, яғни 1 млрд. теңгесі «24.kz» телеарнасының аймақтық тілшілер қосынын кеңейтуге бөлінеді. Бұдан бөлек, 992 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражаты жаңа фильмдер түсіруге жұмсалатыны қарастырылып отыр» дегенді айтты.
ЖЖ лайық.
Енді "Ел арна" арнасы жоқ, бітті ма?
Иа солай бітіп кетті, бұрын Казспорт жоқ кезде спортты тікелей эфирде беретін арна еді.
Керемет арна еді.
ауылда шыны керек 3 арна көріп өстік хабар,еларна,қазақстан болды, неге бұлай болды түсінбедім,
Қалған 8 млн. ақша қайда? Жеп қойды ма? ))
+2 дауыс

Сілтеме міне. Ауылдан көрсең Отау емес жәй теледидардын 24KZ арнасы шығып тұр.

Дұрыс айтасың!!! Ауылдан көрсең 24KZ арнасы көрсетіп тұр.
Қаладан көрсең ше?
Білмедім.
Қаладан көрсең 25КZ
Қаладан көрсең суреттегідей шығады
Белгісіз
+2 дауыс
Иә , жабылып қалды.Кеше Ел Арна телеарнасы жабылды деп,Отау Тв-ға хабарлама келді.
+1 дауыс
Саясатқой бәрінің артындағы. Тек бізде "прозрачный" саясат жоқ.
Баян Есентаеваның барлық жобасы құрдымға кетті.Өкінішті
+1 дауыс
Жабылганы баринеде окиништи,жастар кызыгып коретин телеарна еди онын орнына 24 kz, ол телеарнада дым кызык жоккой жооооок,,неге жауып тастады екен ол телеарнаны
+1 дауыс
Ия жабылып қалды оның орнына 24kz каналы көрсетіп тұрғой!

Ұқсас сұрақтар

...