0 дауыс
18.3k көрілді
Әлемдегі ең терең үңгір қандай үңгір және тереңдігін тауып беріңдерші
Түкке тұрғысыз, ГУГЛда тұрған сұрақтарды жаза бергеніңді қойсаңшы, айтпауға болмай барасың.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жұмыр жердің бетінде жұртты таң­ғалдырған үңгірлер өте көп. Соның бірі және бірегейі – АҚШ-тың Кентуки штатындағы Флинт-Мамонтов үңгірі. Аппалач тауының оңтүстiк шығысында орналасқан. Оның ұзындығы – 288 шақырым (кей деректерге қарағанда 500 шақырым). Оның бір шетінен кіріп, екінші шетіне шығу үшін туристерге қанша уақыт ке­тетінін есептей беріңіз... Ұзындығы жағынан екінші орында тек гипстен тұратын Украинадағы Опти­мис үңгірі. Оның ұзындығы – 144 шақы­рым. Бұлардан кейін Швейцариядағы – Хеллох және Украинадағы – Озерная үңгірі. Олардың ұзындығы – 130 жә­не 104 шақырым. Ал ең терең үңгір Ис­пания мен Францияны бөліп жатқан Пиреней тауындағы – Пьер-Сен-Мар­тен. Оның тереңдігі – 1332 метр. Енді тү­сіп көр оған! Қап тауындағы Қарлы деп атала­тын үңгір одан 1320 метрге саяз. Одан кейін­гі орында Альп тауындағы Берже және Жан-Бернар үңгірлері. Терең­дік­тері – 1298 және 1141 метр. Ал мұз құр­санып жатқан үңгірдің бірі Гренлан­дия­­да. Тереңдігі – 60 метр. Әлемде су астында жатқан ең үлкен үңгір Мекси­каның Юкатан жарты аралындағы Үл­кен үңгір. Оған 13 суасты үңгірі мен дә­ліздер кіреді. Бір қызығы, ол кейін су басып кеткен баяғы үндістердің өрке­ниетке қол жеткізген мая тайпасының бір қаласының орны екен. Ал ең ұзын жерасты жолы Одесса қаласында. Оның ұзындығы – 2500 шақырым. Туннель көп­теген залдан тұрады. Кейбірі кейін­нен жасалып, табиғи үңгірмен жалғас­қан. Бұл жерасты жолдары Ұлы Отан соғысы жылдары оқтан қорғану үшін кеңес және неміс солдаттарына да пана болғаны тарихтан белгілі. Ал Римдегі жерасты жолы – 800, Париждегі жерасты жолы – 300 шақырымға со­зылады. Акустикасы ең жоғары үңгірге Сицилиядағы Сиракузы қаласының ма­ңындағы «Дионис құлағы» деп аталатын үңгір жатады. Мұнда жай сыбырлап сөй­лескеннің өзі әр бұрышқа жаңғырып ес­тіліп жатады. Ал айқай салсаң, дауысың зең­біректің оғындай дауыс шығарады екен. Сондай-ақ дауысты ұлғайтып шыға­ратын үңгірлер әлемде жеткілікті көрі­неді. Ал ең кең үңгірге АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы Карлсбадск үңгірі жатады. Оның ұзындығы – 1300 метр, ені – 200, биіктігі – 100 метр. Ең түбінде кеңдігі 400 метр болатын алаң бар. Қа-зақ даласында да талай қызықты, шым-шытырық әңгімеге арқау болған үңгір­лер жет­кілікті. Соның бір-екеуін ғана атай кетейік. Қаратаудағы «Қатын­қамал», Шығыс Қазақстандағы «Ақ ба­уыр», Шыңғыстаудағы «Қоңыр әулие» (Қоңыр әулие атты үңгір Баянауыл айма­ғында да бар) «Бектауата» және т.б. Бұ­лардың қай-қайсысы да өткеннен сыр шертері анық. Мәселен, Қаратаудағы Қатынқамал үңгірі жайлы аңыз көп. Соның бірі Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі бір оқиғаны былайша әң­гімелейді. «Жоңғар шапқыншылығын­- да Ақүйік өзені бойындағы Қаратаудың ұшар басында осы үңгірге қырық қыз-келіншек паналаған. Үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғар шапқын­шылығы аяқталғанша сонда өмір сүрген. Азық-түлігін оқта-текте түнделетіп ер­азаматтар жасырын жол арқылы тасы­ған. Бұл үңгір төменгі өзен бойынан, еңістен қарағанда көзге шалына бер­мей­ді. Өйткені маңайындағы қалың бұта мен тастар қорымы үңгірдің аузын көр­сет­пей жауып тастаған. Оған таудың ете­гінен өрмелеп шығып, одан қия-қия соқпақтар арқылы төмен түсетін бол­-ған. Жол жобасын білетін ауыл адамдары болмаса, сырттан келген адамдар үңгірге жете алмаған. Міне, осы үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғардың назарына ілін­бей қалған, кейін еліне қосылған. Содан бері бұл үңгір Қатынқамал аталады. Бектауата үңгіріне ежелден бала кө­тер­меген әйелдер, ауырған адамдар түнеп, қасиеті мол, үңгірден өздеріне күш-қуат, денсаулық және бала тілеген. Жеті мың жылдық тарихы бар Ақ бауыр үңгірі де құпияға толы. Әсіресе, онда ертедегі адам­дардың тасқа ойып салған сурет­тері, таңбалары жеткілікті. Өткеннің тірі куәсі деуге болатын жер. Ал Шыңғыстаудағы Қоңыр әулие үңгірі жөнінде де қызықты әңгіме-аңыз көп. Соның бірі жарты әлемді басып алып, ұлы империя құрған, шығыстан шыққан Ұлы қаған Шыңғысханның мүрдесінің осы жерде жатуы жайында. Аңыз солай дейді. Үңгірдің түбінде тұ­нып жатқан шағын көлдің тұңғиығын­- да үлкен қара сандық бар, оның ішінде Шыңғысханның жауһар тастары мен алтындары, яғни қазынасы осында сақ­таулы. Ал қара сандықты ешкім ашпау үшін сандыққа ешуақытта өлмейтін өте улы қара қоңыз салынған дейді аңыз. Қалай айтсақ та, аңыздың өзегінде қан­шалықты шындық барын кім білсін, әйтеуір Қоңыр әулие үңгірінің құпиясы әлі ашыла қойған жоқ. Дереккөз: http://www.aikyn.kz/articles/view/24850
0 дауыс
Австралияда бар деп естiгенмiн.
...