0 дауыс
28.6k көрілді
Әлемдегі ең терең көл "байкал"көлі ғой! оның тереңдігі қанша метр?

4 жауап

0 дауыс
Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады. Ауданы 31,5 мың км2, суының көлемі 23,6 мың км3. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал — жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңд. 730 м. Көлде дүние жүзіндегі тұщы су қорының (мұздықтарды есептемегенде) 20%-і шоғырланған. Жағасы аз тілімделген. Геофизикалық зерттеулер көл суының астында 6000 метрге жететін шөгінді қабаттың жатқанын көрсетті. Ірі шығанақтары — Баргузин, Чыркуй, Провал, ірі түбегі — Әулие Тұмсық. Көлде 27 арал бар, ең үлкені—Ольхон (730 км2). Көлге 336 өзен құяды. Олардың ірілері: Селенга, Баргузин, Жоғ. Ангара, Турка, т.б. Бір ғана Ангара өз. ағып шығады. Б-ға құйылатын судың 50%-і Селенга өз-нен келеді. Ең биік су деңгейі тамыз — қыркүйек, ал ең төмен деңгейі наурыз — сәуір айларында байқалады. Судың беткі қабатының температурасы тамыз айында 9 — 12ӘС-қа дейін көтеріледі. Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында суы қатады, мамырда мұзы ериді. Мұздың қалыңд. 70 — 115 см-ге дейін барады. Суы өте мөлдір (40 м тереңдіктен көл түбін көруге болады), әрі оттегіне бай. Байкалда жануарлардың 1800, өсімдіктің 600 түрі кездеседі. Жануарлардың 82%-і эндемиктер (байкал итбалығы, тірі туатын голомянка балығы, байкал түркесі, т.б.). Кәсіптік маңызы бар омул, хариус, т.б. балықтар ауланады. Байкал, Усть-Баргузин, Нижнеангарск порттары аралығында кеме қатынайды. Көл төңірегінде туризм жақсы дамыған. Байкалдың солтүстік-шығыс бөлігі Баргузин қорығының құрамына енеді.

[Ақпарат мына жерден алынды.][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%B9%D0%BA%D3%A9%D0%BB
0 дауыс
[Мына жақтағы][1]  дерекке сүйенсек Байкөл тереңдігі 1642 м. Оны 1983 жылы Л. Г. Колотило мен А. И. Сулимов тіркеген.


  [1]: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%B9%D0%BA%D0%B0%D0%BB
0 дауыс
Байкал көлінің ең терең жері 1620м.
0 дауыс
Байқал көлінің тереңдігі 1620 метр

Ұқсас сұрақтар

...