+1 дауыс
597 көрілді
Бір жылқымның аяғына осыдан 5 ай бұрын бір жара шыққан еді, оны біз сүйел екен деп емдейміз деп асқындырып алдық. Өзі буаз 1 аптада туады. Буаз болғандықтан ешқандай укол қолдана алмадық. Тұяғынан сәл жоғары бөлігі ет сияқты бірдеңе ісіп кеткен. Соны емдеудің жолын білетін ветеринар маманның кеңесі өте қажет болып тұр. Өтініш жауап күтемін. Суреті бар қалай жіберуді білмей жатырмын. Қазақстанда мықты ветеринар мамандардың бар екеніне сенемін. .

1 жауап

0 дауыс
Табанын қарап көр, тас тұрып қалғанда немесе дұрыс тағаланбаса тұяққа нагрузка түсіп, тұяқтың жілікке жалғанған жерінде мозоль шығад, микроб түсіп қабынып кетсе ісік сияқты жара боп кетед. Фотосын салсаң дұрыс болар еді, жылқының аяқ аурулары көп, бір-біріне ұқсас.  Биеңіздің аяқ астына жұмсақ бірдеңе салыңыз, нагрузка түспеу үшін, тағасы болса алып тастап қайта тағалаған дұрыс болады. Бәрібір ветеринар шақыру керек.
...