+1 дауыс
36.0k көрілді
Металдардағы электор тогы дегеніміз не?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Металдардағы электр тогы дегеніміз еркін электрондардың бірыңғай реттелген қозғалысы, яғни кристалл торындағы иондармен байланыспаған электрондардың қозғалысы. Бұл қорытынды көптеген тәжірибелердің нәтижесінде электрондық теорияға айналды. Сондай тәжірибелердің біріне 1901 жылы неміс физигі Рикке (1845 – 1915) жасаған тәжірибені айтуға болады.Тәжірибенің мазмұны мынадай: жиектері мұқият тегістеліп өңделген (Сu +Al + Cu) радиустары бірдей үш цилиндр өзара қосылған.Цилиндрлердің салмақтары өлшеніп алынған .Сонан кейін осындай өткізгіштер арқылы бір жыл бойы үздіксіз электр тогы жүргізілген .Сонда осындай уақыт ішінде цилиндрлер арқылы 3,5 10-6 Кл заряд өткені анықталады. Ал цилиндрлер массаларын 0,3 10-3 г дәлдікпен өлшегенде, өткен токтың цилиндрдің салмағына ешқандай әсері болмағаны анықталады.Сол сияқты цилиндрлердің түйіскен жерлерінде бір металдың екінші металға енбегендігі анықталды.Сөйтіп , тәжірибенің нәтижесі металдардағы зарядтарды тасымалдаушы тордың атомдары емес, металдар құрамына енетін басқа ұсақ бөлшектер, ал ол кейін 1897 жылы ағылшын физигі Д. Томсон ашқан электрондар екендігі анықталды.
Енді зарядталмаған  жылдамдықпен қозғалатын металл өткізгішті алайық. Сонда металдың кристалдық торын түзетін атомдар мен иондар арасында таңбасы жөнінен иондар таңбасына қарама – қарсы ток тасымалдаутын бөлшектер болады. Егер де өткізгішті кенеттен тоқтатсақ, онда тормен байлансы шамалы зарядтар өзінің инерциясы бойынша алға қарай ұмтылады .Сөйтіп осындай зарядтарыдың орын ауыстыруы өткізгіште ток тудырырады. Осы токтың мәнін сезімэтал G гальванометр көрсетеді.Токтың бағыты бойынша зарядтың таңбасы және өткізгіштің кедергісі мен мөлшері бойынша сол зарядтың массасына қатынасын есептеуге болады.
0 дауыс
Металдағы электр тогы-бұл электрондардың электр өрісі әсерінен реттелген қозғалысы
0 дауыс
Металлдардағы электр тоғы дегеніміз - электрондардың реттелген қозғалысы.
...