0 дауыс
5.6k көрілді
Қазақ тарихында кімдер аға сұлтан болды? Олар қандай қызмет атқарды?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Аға cұлтан — хандық институтты жой­ғаннан кейін Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдету мақса­тымен құрған әкімшілік-территориялық округті басқарушының лауазымы. Алға­шында хан-төрелердің тұқымы сайлан­ған. Кейіннен хан тұқымдарының ықпалын әл­сі­рету үшін «Аға сұлтандарды сайлау ха­қын­дағы» жаңа ережелер жасалып, ай­рық­ша қабі­летімен танылған «қара­ларды» да сайлауға рұқсат берілді. 20 болыстық округті басқаратын аға сұлтандар үш жыл­ға сайланды. Алғашқы ашылған (1824) Қарқаралы округінің (бұрынғы Бөкей хан иелігі) аға сұлтаны – Тұрсын Шың­ғыс­ұлы, Көкшетау округінің (бұрынғы Уәлихан ие­лігі) аға сұлтаны Ғұбайдолла (Абайділда) Уәли­ханұлы болды. Шыңғыс Уәли­хан­ұлы (Құсмұрын), Тезек төре (Ұлы жүз), Ерден Сандыбаев (Атбасар), Бексұлтан Аға­даев (Аягөз), Әділ Бөкей­ханұлы (Кіші жүз), Шалғынбай Бірәліұлы (Қар­қа­ралы), Мұса Шор­манұлы (Баянауыл) сияқты т.б. бел­гілі аға сұл­тандар шықты. Аға сұлтан­ның басты міндеттері: Ресей билігін жүзеге асыру, алым-салық жинату, сауда керуендерінің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, бүлікшілерді басу т.б. Үш жылдан кейін ақсүйек аға сұлтанға Ресей ар­мия­сының майоры шені және дворяндық атақ беріл­ді. Қарадан шық­қан­дары кіші офицерлік хорунжий шенімен шектелді (мысалы, Құнанбай Өскенбайұлы). Аға сұл­танның жылдық жалақысы 380 сом мөлшерінде белгіленді. Оларды халық дәс­түрімен ақ киізге отырғызып көтерді. Отар­шылдық билікті одан әрі күшейту мақсатындағы І Николай патшаның жаңа реформасына (19.05.1854) сай округ тарап, аға сұлтан лауазымы жойылды.

0 дауыс

Менің біліуімше Құнанбай аға сүлтан болған

...