+1 дауыс
45.2k көрілді

Адамның алға қойған мақсаты, арманы туралы мақал-мәтел тауып бересіздер ме?

Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ

Арман — адамға қанат.

Армансыз адам — алысқа бармас.

Арманы бар адамның
Бойында қайнар қуаты,
Алдында жанар мұраты.

Желі тұрған оңынан.
Жеті өзеннен өтеді,
Жеті таудан өтеді,
Арманына жетеді.

Пәрменсіз адам болса да,
Армансыз адам болмайды.

Жақсыны арман оздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.

Арманы жоқ жас —
Қанатсыз қарлығаш.

Ақылы жоқтың — арманы жоқ.

Көппен көргеннің арманы жоқ.

Қыз құшпаған ер арманда,
Қызғалдақ жемеген қозы арманда.

Арманымен — ер сұлу,
Орманымен — жер сұлу.

Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.

Қол - қысқа,
Ой - ұзын,
Арман - биік.

Азды көпке қосқанның
Арманы жоқ.

Арман адамға қанат.

Адамды арман қосады,
Алғашқы дәрмен қосады.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1.Арман – адамға қанат.

2.Ізденген мұратқа жетер.

3.Армансыз адам алысқа бармас.

4.Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.

5.Армансыз адам алысқа бармас.

6.Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ.
0 дауыс
Мақсат пен арман екі бөлек нәрсе.

Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ Л.Н.Толстой

… арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар Ғабиден Мұстафин

Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады Бауыржан Момышұлы

Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек? Жүсіпбек Аймауытов

Үміт жүректі қуанышқа толтырады Менандр

Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар Анатоль Франс

Үміттен гөрі үмітсіздік көбірек алдайды Люк де Калье Вовенарг

Үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан Бауыржан Момышұлы

Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін Д.И.Писарев

Менің арманым — өмір, үнемі алға қарыштай берсе екен Г.И.Успенский

Қуанармын деп үміт етудің өзі де бастан кешкен қызығыңнан сәл-пәл ғана кем соғады Уильям Шескпи
...