Айтқаныңды ешкім ұқпаса,
Арағын езіп, ұрттаса ;
Адамнан не үміт, не қайыр –
Ақылға бәрін жықпаса ?!
Нәмәрттік жасап көзіңше,
Нәпсінің жанын құнттаса.
Парасат бұдан көрмедім
Пайдасы тиер жұртқа аса.
Мен білсем,
Мүйіз шықпайды –
Меңіреу боп қалар мықтаса;
«Масқара!» деген нән мүйіз
Маңдайды жарып шықпаса!...??