+10 дауыс
1.3k көрілді

Алғаш бұл сайтқа жай ермек үшін тіркелген болатынмын. Кездейсоқ жолыққан бұл сауалдар әлеміне қолымды бір-ақ сілтеймін деп ойлағанмын. Бірақ олай болмады...

Ең бірінші кіргенімде жөнді дұрыс ережелерді де білмейтінмін. Бірде "Кімнің бойында қандай өнері бар?" деп сұрақ қойған болатынмын. Сонда Жако аға сұрағымды жауып, ащы шындықты айтқан болатын. Сондағы Жако ағаның айтқан сөзіне намысым шыдамады. Ішімнен өзіме қалайда белсенділік танытып, модератор боламын сосын Жако осылай айтқанына өкінетін болады деп серт бердім. Ол мақсатымды орындау үшін саналы сөйлеп, пайымды пікіріп айтып, тұщымды сөйлеуді үйрендім. Қаншама сұрақтармен кезігіп, сансыз сауалдарға жауап іздедім. Былайша айтқанда өмірімнің бір саласы осы сайтпен тығыз байланысып кетті. Уақыт өте келе маман, редактор, модератор дәрежесіне жеттім. Көптен бергі көксеп жүрген арманымның орындалғанына қуандым. Бірақ мен негізгі мақсатымды орындаудан бас тарттым. Өйткені, өзімнің шалалықпен қойылған сұрағымның неге жабылғанын түсіндім. Жаңадан тіркелген қолданушыларға жөн бағыт көрсетіп, сауатсыз сауалдарды саралайтын деңгейге жеттім. Бір жарым жыл уақыттың ішінде мені көптеген адам тани білді. Талайына жас болсамда турасын айттым. Кейбіреуіне зекідімде!

Осы жылдар ішінде өмірі түсінбейтін информатикамды төбеме көтеріп, бағдарламалардың жай күйін жете танып, оңай меңгердім. Біраз дүниелердің бетін парақтадым. Менің осындай деңгейге жетуім сендердің арқаларың, жас достарым, аға-апаларым. Бүгін күні Жақыпбек ағаға деген өкпем әлдеқашан суып кетті. Өйткені ол мені қажырландырмаса, осындай дәрежеге жетпесте едім...

Кейбіріңе артық ауыз сөз айтып, көңілдеріңе тиіп алсам, айып қылмаңдар. 14 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Амал мерекесінде барлықтарыңнан басымды иіп тұрып, кешірім сұраймын.

Жарайсың,Мәке...
Мағанда басып жіберіңдер жылына бір рет болсада.
Лайктан пайда жоқ.

кешіріңіз?Кейбіреуіне зекідімде! зекідімде - деген мағынасы қалай?

Ренжіп, сөгу, ұрысу. Деген мағынада.
Сайтқа лайк жинау үшін кіретін бе едің? Жалпы айтқанда модераторлық дәрежеден түсіп қалғаның сауап болған сынды.
Мәселе дәрежеде емес. СЖ-да өз атыңды жақсы атпен қалдырғанға не жетсін шіркін!

13 жауап

+1 дауыс

  намысым шыдамады

Адайлығың ұстап кеткен ғой (әзіл ғой)... 

Өзіңе де бір жасыңмен (СЖ арқылы көрісіп жатырық) Сенің жауап-сұрақтарыңа риза болып жүрміз, осы сайттың белсенді қолданушысы бола береді деп үміттенемін 

0 дауыс

Жарайсың,бауырым yesyesyes!

+1 дауыс

Кешірдім.))))..

Экспресс барма ертеңге ?
0 дауыс

Кешірдім.Ондай жағдай меніңде басымнан өткен.Сізде Ұлыстың Ұлы күні Амал мерекесімен құттықтаймын.

+1 дауыс

Марат мына сөздеріңізді оқып,біраз ойда қалдым.Кешірім сұрау да бұл ерлік,кеш болса да қатеңізді түсінгеніңізге қуаныштымын!Бұл сайтқа бәріміз де бауыр басып қалдық.Өзіңе де бір жасыңмен!Сізді алдағы күндері белсенділікпен көреміз деген үміттемін!smiley

+1 дауыс

Менің көңілімді босатып жібердіңіз. Не деген мағыналы,терең ойдағы сөздер. Сіздің соны түсінгеніңізге ризамын.

+4 дауыс
Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух. Марат Жако ағаймен араларыңда не болғанын бiлмеймiн. Бiрақ ендi араларың суымай сыйласып ағалы-iнiлi сияқты тату болыңдар. Iнiм екенсiң, дегенмен сен сияқты орақ тiлдi емеспiн. Алла осы талабыңа нұр жауғызсын. Қазақ елiне, әлемге танымал өткiр сөздермен халықты өзiңе баурап алатын журналист болуыңа тiлектеспiн. Маңғыстау жақтан болсаң, ол жақта адайлар шоғырланған. Адайлар қызуқанды болып келедi. Тұқымыңа тартқан боларсың. Егер осы тiл-байлығыңды әрмен қарай дамытсаң иншаалла жемiсiн беретiнiне сенiмдiмiн.
Ұлықбек аға!? Сенің жауаптарыңды оқып отырып, таңқалам. Сөздік қорың өте мол.
–1 дауыс

Түк түсінбедім мынау сұрақ емесқой. баяндама ма? әлде өмірбаянба не өзі

Енді сұрақ болды..., қазір сен де мамансың ғой.
Мені кім маман еткенін білмейм, мен қате түзей алмайм лекция жазып үйреніп қалғам үтір, нүкте тыныс белгі дегендерге қарамай перем. Сондықтан болашақта редактор, модератор болып осы сайттағы қателерді түзеуге көмектесет деп ойламайақ қойсаңдар болат
+4 дауыс

Ой, мен саған ризалықтан басқа еш өкпем жоқ, мүлдем ренжу туралы ойым да болған емес. Жазбаларыңа да (айтабердегі),  жауаптарыңа да, модтық қызметтіңді атқарғаныңа да тек ризалық қана, өз тарабымнан. Марат, Әз Наурызбен құттықтаймын!

Рахмет Жако аға! Бұл өткен іс ғой. Сізді де Әз Наурызыңызбен құттықтаймын!
+1 дауыс

Бірде сөзге келіп қалғанымыз бар еді. Кешірейін. Сен де көңіліңде қалмасын. Кешір.

+1 дауыс

Ештен кеш жақсы, қателігін түсіне білу де бір қасиет.

+3 дауыс

Мына Маратың жазғаны мені әжептеуір ойға қалдырып отыр, бұл бір жақсы бастама екен. Пенде болған соң бірде қатты,бірде жай айтып қалып бір-бірімізге ренжіңкіреп қалатынымыз болып жатады емес пе? Сол енді мына Мараттың бастамасы "Наурыз мерекесінің қарсаңында бұрынғылардың жолымен реніштерімізді кешіріп сайттағы адамдар бір үйдің жанындай болып жүрейік"- деп тұрғандай емес пе? Рахмет Марат, жаста болсаң тура жол сілтеп отырсың, көсегең көгерсін, қарағым! Сенен рұхсат болса мен де жеке жазбай ақ осы сенің сұрағың арқылы "Осы сайтта үлкендігімді арқа тұтып кейбіреулеріңе артық сөйлеп қалған кезім болса мына Ұлыстың ұлы күніні қарсаңында кешіріңдер, ары қарай тату-тәтті болайық"- дегім келеді. Барлықтарыңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын!

0 дауыс
Барлық қолданушыларға мерекелеріңізбен! Марат сіз осы жазған сөздерине қарап сіз жаксы адам екенін көрініп қалды! Кешірім сұрау ерлік! Иә менің де сұрақтарымды жауып жатыр, бірақ ешкімге өкпе жок!
...