Қазіргі заманда ешкімге сеніп болмайды деп ойлаймын. Егер несие алып беретін болсаң кепілдікке қымбатырақ бір затын алу керек шығар.
Несиені өз атыңыздан алып, барлығын аз уақыттың ішінде жауып тастаймын дегендерге алып берудің қажеті жоқ. Әсіресе, ол сіздің құрбыңыз. Жарайды, несие алып бердіңіз делік, оның осы ақшамен ниеттенген жоспары іске аспай жолы болмай қалып, өтей алмай қалатын жағдай туындар болса, оны сіз төлейтіндігіңізді жадыңызда ұстаңыз. Сол кезде ғана құрбыңызбен араңыздағы қатынастарыңыз алшақтайтыны сөзсіз.
Сондай-ақ, құрбыңыздың сізден де жақын ата-анасы мен тумаластары бар емес пе?!
Өзіңіздің ықылыстық танытпаған ісіңізге еш баруға борлмайды.