0 дауыс
10.1k көрілді

8 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Ондай мәлімет жоқ, ең кеш беретін грек жаңғағы, 15-20 жылдан кейін жемісін пайдалануға болады, бірақ 150-200 жылға дейін жеміс бере-береді
Мен де сол  грек жаңғағы туралы айтып отырмын.Жемісті дарақ отырғызылған соң ұзақ  уақыттан кейін беретінін білетін өзбектер бізді қорқытқан болар.Олардың есебі бізге жаңғақты сата беру ғой.
+5 дауыс
Жако ол өтірік мен өз қолыммен отырғыздым жаңғағым жақсы салды 6 жасымда егіп едім 2-3 жыл болып қалды жаңғақты шауып тастадым себебі есік алды көлеңке болып кетті
Мен де де 2 түп бар,биыл біреуінен 2 қап,біреуінен жарты қап алдым.
огооооооооооооооооо  молодец
+5 дауыс
Өтірік, менің атам өзінің отырғызған жаңғағы ғана емес, барлық жеміс ағаштарының жемісін көріп отыр ғой, бірақ қызығын біз немерелері көреміз. ))))))))))))
Мен де солай ойлаймын.
+2 дауыс
Бұл сұрақ қызық екен адам өзі отырғызбаса сонд кім отырғызу керек жеміс алу үшін, күте білсең қураған ағашта гүлдейді, менімше жеміс береді тек шыдаммен күтіп, жақсылап баптау керек.
Сен не өзің ғана еккен ағаштан ғана жеміс жейсің ба? Әкең,атаң,бабаң отырғызған ағаштарды кесіп тастамассың,солай емес пе,онан соң қураған ағашты суғармақ тұрмақ тамырына бал жақсаң да көктемейді.
+2 дауыс
Бізде Әулие-Ата жақта өзбек ағайындар көп түрады емес пе,өзекеңдер қулау,арамдыққа жақындау халық екенін біршама жұрт жақсы біледі.Сол өзекеңлер осыдан 40-50 жыл бұрын қазақтарға:
-" Жаңғақ ағашын жас адамдарға егуге болмайды,себебі жаңғақ ағашы отырғызған адам дүние салғанша жеміс бермейді.Біз кәрі адамдарға отырғызамыз"- деген қауесет таратып  жіберген.Содан қазақтар кәдігімгідей сескеніп көп жылдар жаңғақ еккен емес.соңғы 20 жылдың көлемінде егіп,жемісін алып жүр.Менің бұл сұрақты қойған себебім осы қауесетте бір ғылыми негіз бар ма екен,болмаса қарапайым арандату маекенін байқасам деп едім.Әзірге ауызтұшырлық жауап көреалмадым.
+2 дауыс
Грек жаңғағы
Грек жаңғағының тұқымыГрек жаңғағы — жаңғақ тұқымдасына жатады, биіктігі—25—30 метрге дейін жетеді. Ұшар басының диаметрі 1,5—2 метрлік үлкен шар тәрізді дөңгелектеніп келеді. Грек жаңғағы 200—300—500 жылга дейін «өмір сүреді». Бұл жаңғақтың отаны — кейбір авторлардың дерегіне сүйенсек, Кіші Азия, оның ішінде — Иран. Осы жерден ол Греция, Италия және Батыс Европа елдеріне таралған. Грек жаңғағын диқаншылықпен айналысатын халықтар жоғары бағалаған. Біздің елге (әсіресе Орта Азия, Закавказьяда көп) бұрын осы жаңғақ тұқымдары Грециядан әкелінетін де, оның аты содан қалыптасқан. Түйе жаңғағы волох елдерінің (румын, молдаван) құрметіне волош деп те аталған. Ал қазақ жерінде де бұл жаңғақтық ана тілімізде түйе жаңғақ деген аты бар. Демек, біздің республикада да ол кең тарап, шаруашылығымыз бен тұрмыс-салтымызға молынан енген өсімдік түрі болып табылады. Республикамыздағы Піскем және Өгем өзендерінің жағаларында, Дарваз, Гиссар және Қара теңіз (Памир — Алтайда) жоталарының баурайларынан бастап, 900—2000 м биіктікке дейін осы жаңғақтық 2 түрі өседі.

 
Грек жаңғағы 10 жылдан кейін мол өнім бере бастайды. Жаңғағының сыртқы түрі — шар тәрізді. Формасы мен диаметрі бір ағаттық өзінде әр түрлі болып өзгеріп отырады. Жаңғақ қабығына байланысты қалың және жұқа болып келеді. Жемісін әбден пісіп толғанда, яғни ыртқы қатты сүректенген қабығы кепкенде жинайды. Осы кезде оның қатты қауыз жапқан ішкі дәні төртке бөлінеді. Жиналған жаңғақ дәндерін ұзақ сақтау үшін, күн көзінде не арнайы кептіргіште кептіреді. Ашық және күңгірт қауызды ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай алынады, содан кейін дәнді ағынды суға шайып алып, кептіру керек. Ұнтақталған, кесілген және майдалап үгітілген грек жаңғағының піскен жемістерін алма, қант қызылшашы және балдыр көкке (сельдерей) қосып, түрлі салат жасайды. Сондай-ақ оны ерік қосылған қышқылтым сорпаға, жұмыртқа қосылған әр түрлі сұйық асқа және баклажан, жаңғақ тұздығы (соусы) мен пудингке (ұн немесе күрішке жұмыртқа, сүт, жұзім т.б. раластырып жасалған тағам) үстемелен қос ады. Жайғақты шикі күйінде де жеуге болады. Қаймақ, тосап 'жасарда қолданылатын май алынады. Конфет, торт, печенье, халва, начинка, кондитер өнімінің басқа түрлерін даярлауда пайдаланылады. Кавказдықтар бал қосып гозинаки, шабдалымен араластырып, алманы жұзім шырыны сіңген жіпке тізіп, чурчхелы деген дәмді тағам жасайды. Грек жаңғағы ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жаңғақ тұқымдастардан асып түседі, бұл орайда ол бидай нанынан 3 есе, сиыр сүттен 10 есе асып, сары майға жақындайды. Халықтық медиңинада грек аңғағының діңінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан алынған шырын (сөл), майы емдік-диеталық мақсатта пайдаланылады. Мысалы, рахит, сары аурулармен ауырған балаларды оның жапырақ, жаңғақтарының қайнатылдысымен емдейді. Тұнбасына дәке батырып, жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты жағады. Асқазан-ішек ауруларын емдейді. Грек жаңғағын тағамға қосып, медиңинада пайдаланумен бірге, оның шаруашылықтық та маңызы зор. Жапырағы мен ядросы хош иісті эфир майына, А, В, Р витаминдеріне және каротин, белоктік заттарға бай, ядро ұясы аскарбин қышқылын (С витамин) бөледі.
+3 дауыс
Негізі жаңғақтың жеміс беруі ұзақ уақытты алады және басқа тал ағаштары сияқты жаңғақ талыныңі да жеміс бермейтін уақыттары да болады. Сондықтан да ол ағашты кесіп тастаған дұрыс. Себебі жаңғақ талының астында түнде адам ұйықтап қалса аузы қисайып қалады немесе бір ауруға шалдығады деп естігенмін. Себебі жаңғақ талының жапырағы түнде оттекті көп мөлшерде сіңіріп көмірқышқыл газын көп мөлшерде шығарады.
+3 дауыс
Бұны өзім бірінші рет естіп тұрмын! Негізі жаңғақ ағашы көп жылдар өткен соң жеміс беретінін білемін!
...