0 дауыс
9.5k көрілді

Үстеулер білдіретін мағынасына қарай нешеге бөлінеді ережесін тауып беріңдерші

2 жауап

0 дауыс
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді. Мезгіл үстеулер Мекен үстеулер Мөлшер үстеулері Сын (я бейне) үстеулері Күшейту (я ұлғайту) үстеулері Мақсат үстеулері Себеп-салдар үстеулері Топтау (я бөлу) үстеулері
0 дауыс

Олар 7топқа бөлінеді. Мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат және себеп-салдар үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіріп қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді.мысалы;ертең келемін, күні түні оқиды.

мекен үстеуі қимылдың бағытын білдіріп қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді.

себеп салдар үстеуі қимылдың амалын,сынын,бейнесін,тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді.

мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? кейде қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді.

Күшейткіш үстеу қалай? қандай? деген сұрақтарға жауап беріп,қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. 

мақсат үстеуі қалай? не мақсатпен  деген сұрақтарға жауап береді.

себеп салдар үстеуі не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. толық 6сыныптың кітабынан көр.

жақсы жауаппа?
...