+2 дауыс
73.3k көрілді

Еліктеуіш сөздерді пайдаланып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазып беріңдерші?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Табиғат тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Бұл тіршілік қажеттерін олар табиғаттан алады. Осының өзі де адам, өсімдік пенжануар сияқты тірітабиғаттың перзенті екеніне дәлел бола алады.

Табиғатқа тау, тас, ауа, жан-жануар, шатырлаған найзағай, жауын-шашын, ақ ұлпа қар сияқты құбылыстарды жатқызуға болады.Осы құбылыстырды төрт мезгіл арқылы баяндай аламыз.

Астанамның көгінде
Алаулаған күн қандай!
Бұлбұлдары сайраған
Бұйраланған бақ қандай!
Теректері жайнаған
Жасыл бантик таққандай
Самал желмен таранған
Қызғалдақты қыр қандай!
Жер бетіне сан алуан
Жалау өсіп тұрғандай.

Көктем –шуақты мезгіл. Көктем келіп, жер беті жаңарып, әдемі түрге енеді. Құстар сайрап, барлық жан –жануар, тіршілік оянады. Көк шөп шығып, бәйшешек, ағаштар гүлдеп, мал төлдейді. Жылғалардан су ағып, сең жүреді. Күн күркіреп, найзағай ойнап, жауын жауады.

Маусым айы- жаздың басы. Сенің туған жерге саяхат-жорығың да осы айда басталады. Кешқұрым дала түрлі қимылдарға толады. Мал қораға келеді.

Түні қандай тұнық десеңші! Ай сүттей жарық. Шартабақтай жарқырап, түнімен жер бетіне күміс сәулесін төгеді де тұрады.

Арайлы таңды айтсаңшы, шіркін! Сен елең – алаңнан оянып, жаз таңын қарсы алып көрдің бе? Күн шығыс жақ балқыған нұрға бөленеді. Таңмен бірге оянған бұлбұл әні көңілді әлдилейді. Гүлдер де бой түзеп, таңғы ауаны құшырлана сіміреді.

Құстардың шырылдаған әсем үндері естіледі.

Алқаптарда қалықтаған үйме-үйме шөмелер жапырлайды. Тау-тау маялар бой көтереді.

Аспанда қалықтаған бұлт аз. Күнтас төбеге көтеріледі де,жер беті жетіле түссін дегендей, мол нұрын төгеді. Күн айналып жерге түскендей ыстық болады. Жеміс-жидек, алма, өрік сары ,қызыл бояулармен бояна бастайды.

Бау-бақшаға кірсең, орман араласаң, самсаған жидекке қарық боласың. Осындай шілденің дастарханына тамыз өз шашуын дархан дастарханына тамыз өз шашуын шашады.

Тамылжыған жас иісті,
Жазғы жасыл көк дала
Жайылған жібек кілемдей,
Қызылды-жасылды, көк ала.

Жазда күн ұзақ, түн қысқа. Күннің ыстығы сонша күшті, құм да, тас та қызып кетеді.

Күз-барлықтың, байлықтың айы. Қиырына көз жеткісіз алтын толқынды теңіздерде мыңдаған « дала кемелері» жүзіп жүр. Қырманын астыққа толтырған диқанның қуанышы қойнына сыймайды.

Бұл мезгілде құс атаулының көші басталады. Ұзақ сапарға шығатын достарына жол жоралғысын жасап, суық торғай мазасыз күйд. Оларды шығарып салып, шыр-пыр болып жүр.

+2 дауыс

Бір күні көшеге шықсам, жалт-жұлт етіп жұлдыздар жымыңдап тұр екен.Мен солардың қызығына қарап отырып терең ойға кетіпппін.Артынша гүрілдеп бірдене болып кетті.Сөйтсем жер сілкініпті.Бісміллә деп жер құшақтай жата қалдым.Біріздан сон басылды да шұрқ-шұрқ етіп бұршақ түсті.Жаңбыр себелеп, құйды.Сосын бір минуттын ішінде әп-әдемі табиғат шатұр-шұтыр қиратылғандай болып кетті.Гу-у деп жел тұрды.Мен үйге кіріп кеттім.Әрине бұр көктемнің алғашқы күндері еді.

(Шығарма ойдан шығарылған)

+2 дауыс

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.
Шалғайын шалқар маушыған
Бұлт келді, көктем кір кетті.
Топырлап ұрған тамшыдан,
Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз пышаны
Шаң ғана болса,
Қалдырма
Терезелер құшағын
Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істерітабиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

осы шыгармада еликтеуиш создер барма?
0 дауыс
Жыл мезгілдерінің қәзіргі суреттері
0 дауыс
Салеметсіз дерме маған табиғат құбылыстары жайлы эссе керек еді?
...