0 дауыс
315 көрілді

Шет елден (Өзбекстан азаматтары) келетін жұмыс күштерін, заңды тұлғаға тіркеу туралы жаңа заң бекітілді ма, февраль айында бекітіледі деп еді.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шетел қызметкерлерінің ҚР-ға кіру шарттары қандай?

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 35-бабына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер тартатын шетелдік қызметкерлер: 1) кәмелеттік жаста болуға; 2) жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға; 3) алдағы атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі болуға; 4) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға; 5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға; 6) медициналық сақтандыруының болуына міндетті.
...