0 дауыс
539 көрілді

Бірінші қаржылық пирамиданы кім және қайда құрды?

3 жауап

0 дауыс
Ол финанстық пирамида деп аталады. Ең бiрiншi финанстық пирамиданы шотландтық Джон Ло құрған. Толығырақ: http://investments.academic.ru/1502/
0 дауыс

Бірінші қаржылық пирамида 1919 жылы Америкада Чарльз Понтимен ойлап шығарылды. Ол өз компаниясын "Бизнесті сақтау мен оның қауіпсіздігі" деп атады. Инвесторлардың қаржылары өте үлкен пайызға алынды, бірақ ақша ешқайда инвестицияланбады, ал пайыздарды жаңа салушылар арқасында төледі. Бір жылдан кейін алаяқтық ашылып, Понти түрмеге түсті. Сол кезден бастап осыған ұқсас компаниялар алаятардың ең жақсы көретін тәсіліне айналды.

0 дауыс

Қаржылық пирамида

Пирамида (ағылш. pyramid; гр. pyramis (pyramidos) -монументальное сооружение) Қаржы компаниялары колданатын женіл табыс тәсілі, күдікті мәміле. Компания сатқан құнды қағаздарды алған «пирамиданын»төменгі қабатын құрайтын алаяқтыққа тартылған адамдардың ақша қаражаттары, одан бұрын құнды қағаздарды сатып алған адамдарға ішінара төленіп, сондай-ақ кең көлемді жарнамаға жұмсалады және қаржы компаниясының пайдасына алынады. "Пирамида" ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде құлайды, бұл жағдайда теменгі қабаттағы қатысушылар өздерінің салымдарын жоғалтады, ал компания не күйрейді, не болмаса жаңа "пирамиданы" құруға кіріседі.

Бірқатар елдердің заңнамасымен, пирамидалык қаржылыкоперацияларға тыйым салынған.

Пирамида — күмәнды мәміле, қаржы компаниялары қолданатын баю тәсілі. Мұнда “Пирамиданың” төменгі қабатын құрайтын алаяқтардың айласымен таратылатын бағалы қағаздарды компанияның сатуынан алынған ақшалай қаражат бағалы қағаздарды ертерек сатып алғандарға дивиденд түрінде ішінара төленіп, “Пирамиданың” жоғары қабатын құрайды, сондай-ақ кең ауқымда жарнамалауға жұмсалады және қаржыкомпаниясының табысына түседі. “Пирамида” ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күйрейді, сөйтіп, төменгі қабатқа қатысушылар өздерінің салымынан айырылады, ал компания тек күйзеліске ғана түседі, жаңа “Пирамида” құруға кіріседі. Бірқатар елдердің заңнамасында пирамидалық қаржы мәмілелеріне тыйым салынған. Өткен ғасырдағы 90-жылдардың басында ТМД елдерінде осындай “Пирамидалар” пайда болды. Олардың ең ірілеріРесейде “МММ”, “Русский дом Селенга”, “Властелина”, “Чара”, “Тибет”, т.б. Қазақстанда “Смағұлов және Ко”. Олардың бәрі де мемлекеттік органдардың жайбарақат жол беруімен әрекет етті, өздерінің ұзақ уақытқа созылған әрекетсіздігін “заңнамалық базаның” жоқтығымен ақтауға тырысты. “Пирамидалар” түрлі жасанды бағалы қағаздар шығарды.СІЛТЕМЕ

...