+1 дауыс
69.7k көрілді

Кемпірқосақ қалай пайда болады?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Кемпірқосақтың себепкері - жарық сәулелерінің сынуы. Күн сәулесі ауада асылған су тамшыларында сынғанннан (қызыл түс 137 градус 30 минутқа, ал күлгін түс 139 градус 20 минутқа) кемпірқосақ пайда болады, нәтижесінде ақ түс шоғырланып ажыратылады. Бұл тамшылар әр түстің жарығын әр түрлі қисайтады. Бақылаушыға шоғырланған шеңберден (доға) түрлі түсті жарқырау шыққан сияқты көрінеді.

+1 дауыс
Кемпірқосақ қалай пайда болады? Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлертiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір-бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған. Аспан күмбезiнде мұндай ғаламат қалай пайда болған? Ал бұған себепшi былайша сары болып көрiнгенiмен шындығында жетi түстен тұратын жарық сәуле кәдiмгi күн жарығы екен. Аспаннан күн сәулесi түскенде біз оны аппақ жарық ретiнде көремiз. Ендi оның жолына жаңбыр тамшылары кезiктi. Ал тамшылар формасы жағынан призма деп аталатын геометриялық фигураға жуықтау болады. Күн сәулесi шыны призмадан немесе жаңбыр тамшыларынан өткенде оның алуан түстi сәулесi әр алуан түстi бiрнеше сәулеге бөлiнедi cонда призманың арғы жағындағы қабырғада алуан түстi шұғыла, ал аспанда кемпiрқосақ пайда болады. Доғаша келген кемпiрқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады ал оның iшкi жиектерiне қарай басқа түстердiң, ең соңында көк және күлгiн түстердiң құбылмалы спектiрi көрiнедi.
0 дауыс

Жаңбырдың майда тамшыларына күннің шағылысуы кезінде пайда болады!

0 дауыс

Кемпір қосақ қара бұлт біткенде,күн шықанда кемпір қосақ пайдалы болады,жазған Аманбай Қанат.yes

0 дауыс
Кемпірқосақ маған ұнайдыҚатты
...