+1 дауыс
3.3k көрілді

Табигат кубылыстарына карай отырып адамдар багыт-багдарды калай аныктайды? Оган мысал келтир.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Біздің бұрынғы ата-бабаларымыздың қолдарында бағыт анықтауышы компас, навигатор, секстант сияқты құрылымдары болмаса да иен далада өз бағдарларынан еш жаңылмастан барар жерлерін тауып отырған. Оның себебі сол бір мектебі, ғылымы тапшы замандағы қажеттіліктен де болар. Олар институттар бітірмесе де көздерін ашқаннан дала академиясынан сабақ алу арқылы өмір тәжірбиесімен ұштастыра отырып даналық жинаған. Түнде далада жүрсе Темірқазық жұлдызын бағдар қылып ұстаған. Міне ғажабының өзі осында емес пе, сол кездің өзінде біздің бабаларымыз астрономиядан да хабардар болған. Мысалы табиғат құбылыстарына қарай отырып та бағыттарын анықтаған,қай уақытта қандай желдің қай бағыттардан соғатынынан хабардар болып отырған. Өсімдіктер арқылы да бағдарлаған,ағаштардың түстік жағының бұталары терістік жағына қарағанда қалыңдау болатыны сияқты. Сол сияқты көлеңкенің ұзару қысқаруына қарап,малдардың тұрысына қарап дегендей толып жатыр. Біз қазір көрсеткіш құралдарға (навигатор, компас т,с,с.) сеніп кеткендіктен оларға мән бере бермейтініміз рас.Біз ата-бабаларымызды мақтан тұта білуіміз керек деп ойлаймын.
Керемет жауап. Рахмет.
+1 дауыс

Меніңше күнмен тез анықталады.Бірақ дегенмен жуықтап бағдарлайды ғой.Мысалы таңғы 7-лерде күн шығыста болады,яғни көлеңке батысқа түседі.Сағат түскі бірлерде оңтүстікте,ал кешкі жетілерге қарай батыста болады.

Сосын Аймен де анықтайды.Бұл күнге қарсы.Мысалы күн таңертең жетіде шығыста тұрса,ал ай батыста тұрады,сол сияқты.Жне де ағаш қабығы оңт.жағымен салыстырғанда,солт.жағы бұжырлау,күңгірттеу болып келеді.Мүк пен қына тастың солтүстік жағына қарай шоғырланады.Құмырсқалап өз илеулерін ағаштың оңт.жағына салады.

Жақсы жауап. Ұнады.
0 дауыс

құстар төмен ұшса жаңбыр жауады, 

қуып кетті)
0 дауыс

меніңше сен өзін жазын керексін дееее№


...