0 дауыс
220 көрілді
Барлық мамандық бойынша оқу құнын және вузаларды тауып берініздерші?

1 жауап

+1 дауыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавр бөліміне ақылы түсу құны:

Ең қымбат мамандық 1 500 000 теңгені құрайды. Бұл Заң факультетінде оқытылатын мамандық үшін төленетін сома. Ал ең арзан мамандық - 980 000 теңге. Бұл төлем Журналистика, География, Тарих және археология, Механика-математика факультеті, Физика-техника және Философия- саясаттану факультеттеріндегі мамандықтар үшін осындай баға. 

Әлемдік білім ордаларының тізімінде 210 орынға көтерілген қара шаңырақ ҚазҰУ-дың магистратурасында оқу бағасы:

Магистрлік дәрежені алу үшін төленетін ең қымбат мамандық құны 1 850 000 теңгені құрайды. Бұл баға Шығыстану, Экономика және жоғары бизнес мектебі мен Заң факультеттерінде және Аударма ісі мамандығы бойынша оқығысы келетін студенттер үшін. 

Ең арзан магистрлік мамандық 1 350 000 теңге. Бұл бағадағы мамандықтар Биология және биотехнология, География, Журналистика, Ақпараттық технологиялар, Тарих және архелогия, Медицина және денсаулық сақтау, Механика-математика, Физика-технологиялық, Философия және саясаттану мен Химия және химиялық технологиялар факультетінде қарастырылған.

ҚазҰУ-дың докторантурасында оқығыңыз келсе, ақылы оқу бағасы барлық оқу жылына 2 200 000 теңге төлесеңіз болғаны. Бұл баға Заң, Экономика, Шығыстану, Ақпараттық технологиялар т.б. факультеттеріндегі мамандықтар үшін қарастырылған.  

Докторантура бойынша ең арзан мамандық құны - 1 750 000 теңге. Бұл Журналистика, Тарих және археология, Филология, сондай-ақ, Философия және саясаттану факультеттерінде оқытылатын мамандықтар үшін қойылған баға. 

Тарихы терең білім ордасындасының ақылы бөлімінде оқитын студенттер үшін арнайы ректор гранты бөлінеді. Грант көпбалалы отбасынан шыққан білімді азаматтар мен университет қабырғасында ұйымдастырылатын олимпиада жеңімпаздарына беріледі. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі ең қымбат мамандық - Сорбонна-Қазақстан иниститутындағы халықаралық құқық мамандығы. Бұл мамандықта оқу үшін жыл сайын университет бюджетіне 604 000 теңге төлеуіңіз керек. Ең арзан мамандық - Өнер, мәдениет және спорт институтындағы хореография мамандығы. Осы мамандықта білім алу құны жылына 470 000 теңгені қажет етеді. 

Магистратура бойынша барлық мамандық 650 000 теңгені құрайды. 

Докторантура бойынша оқытылатын 6 мамандық бағасы бірдей 1 307 000 теңгені құрайды.

Университет тарапынан талапкерлерге ешқандай грант қарастырылмаған. Бірақ Алтын белгімен мектеп бітірушілерге бір жылдық тегін оқу мүмкіндігі бар.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өзге білім ошақтарындағыдай оқу ақысының бағасы аспандап тұрған жоқ.

Барлық педогогикалық бағыт бойынша оқытылатын мамандықтар үшін 500 000 теңге алса, ғылыми бағыт бойынша 450 000 теңге төлем өткізсеңіз болғаны. 

Бұрынғы "ЖенПИ-дағы" магистратура бөлімінде барлық мамандық 600 000 теңгені құрайды. 

Университет тарапынан студенттер үшін гранттар қарастырылмаған.Тек қана мемлекеттен бөлінген гранттар бойынша оқытады. 

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде барлық мамандықтар бірдей бағада.

29 оқу бағдарламасы бар "Политехта" бір оқу бағдарламасында екі мамандықтан қамтылған. Аталған оқу орнында білім алу үшін жыл сайын университет бюджетіне 635 800 теңге құясыз.  

Магистратура үшін барлық мамандық құны 850 000 теңге. Ал шетелдік университетте білімімді шыңдап, тәжірибе алмасамын деп өтініш білдірсеңіз, сапарға кететін шығын көлемі есептеліп, сіз төлейтін баға өседі. Шамамен, 1 700 000 теңгені құрайды.

Докторантура мамандықтары үшін бірдей баға - 1 307 000 теңге. 

Сәтбаев университетінің ақылы бөліміне түсуші талапкерлер үшін арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Талапкер түрлі олимпиада жеңімпазы болса, біржылдық 30-50% жеңілдіктер қарастырылған.

Алматы энергетика және байланыс университетіндегі ең арзан мамандық құны - 560 000 теңге.

Бұл Ақпараттық технологиялар мамандықтары үшін қарастырылатын сома. Ал Жылу-энергетика, Телекомуникация және Электроника мен робототехника мамандықтары үшін төлем 700 000 теңгені құрайды. 

Магистратура үшін барлық мамандықтар бойынша барлығына бірдей 700 000 теңгені құрайды. 

Докторантура 1 307 000 теңгені құрайды. 

Қазақстандық менеджмент және экономикалық болжау институты (КИМЭП) - елімзідегі ең қымбат оқу орындарының бірі. Мұнда оқу құны аспандап тұр. Сонымен, бакалавр бойынша барлық оқу бағдарламалардың бағасы бірдей - жылына 2 800 000 теңге (1 кредит - 80 169 теңге). 

Магистратура бойынша ең қымбат оқу бағдарламасының бағасы - 6 128 000 теңгені құрайды. Бұл "Әкімшілік басқару" мамандығы бойынша. Бұл университетте магистратура бойынша 10 оқу бағдарламасы бар. Ең арзаны - "Халықаралық журналистика" мамандығы, оқу құны 3 895 000 теңгені құрайды. 

Гуманитарлық және экономикалық бағытты баса назарда ұстайтын оқу ордасындағы докторантура құны 8 672 250 теңге. Бұл "Әкімшілік басқару" мамандығы бойынша PнD докторы атану үшін төленетін баға. 

Мемлкеттік гранттар бөлінбейтіндіктен, студенттер үшін университеттің ішкі гранттары бар.  "Алтын белгімен" бітіріп келген талапкерге біржылдық тегін оқу гранты қарастырылған. Бұдан бөлек жыл сайын дәстүрлі түрде наурыз айында студенттер арасында зияткерлік олимпиада ұйымдастырылады. Осы олимпиаданың бас жүлдесін жеңіп алған студенттердің төртжылдық грант иегері атануға мүмкіндігі бар. 

Беделді оқу орны саналатын Еуразиялық ұлттық университетіндегі бакалавр бойынша ең арзан мамандық ақысы жылына 944 000 теңгені құрайды. Бұл баға гуманитарлық манадықтар үшін қарастырылған.

Ең қымбат мамандық жылына - 1 104 000 теңге. Бұл баға Заң, Халықаралық қатынастар және Экономика факультетіндегі мамандықтары үшін қарастырылған. 

Магистратура бойынша ең арзан бағадағы мамандықтар - 1 392 000 теңге. Ал ең қымбат мамандықтар 1 513 000 теңгені құрайды. Бұл баға Қызмет көрсету саласы, Экономика және заң факультетіндегі мамандықтар үшін қарастырылған.

Докторантура бойынша барлық мамандыққа бірдей баға - 2 300 000 теңге. 

Еуразия университеті өз тарапынан студенттерге грант бөлмейді. Дегенмен қала немесе облыс әкімінің ұсынатын гранты жарамды екенін университет басшылығы растап отыр.


 https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

...