Бір кісіні көшеде бөтен ит қауып алды. Етігін жыртып, аяғын қанатып жіберген. Ауруханаға барып укол салдыр дегенге тыңдамады. Ештеңе етпейді деп жұмысын істеп жүре берді. Ит қапқанда не істеу керек?
Дәрігерге бару керек немесе спирт не йодпен сүрту керек
ит қапқан жерге жанағы иттің жүнін жабыстырып қою керек,сондай ырым бар
Көршінізге айтып барыныз,дереу дәрігерге көріну керек деп,және тістеген итті табу керек оның сілекейі арқылы ол құтырма ауруымен ауруы да мүмкін.Сондықтан көріну керек ол ит Құтырма ауруымен ауруы мүмкін,егерде сондай болса көршінізге 3 ай вакцина жасайды,жасамаса олда яғни адам құтырмамен ауырады.
Денесіне ит тісі тиген адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс. Ар жағы дәрігер нұсқауымен болады, себебі қапқан ит ауру болса ол адам да қоғамға қауіпті болуы әбден мүмкін.
Иттің көзіне қарамай ақырын өтіп кетіуініз керек.Керсінше істесеніз ит сізге жүгіреді.
Ой ештеңе етпит, болматын нәрсеге больницаға жүгіре беретін орыстар сияқты емеспізғой. ауылда ит тістеген талай адам больницаға бармаяқ нормальноақ жүрғой. андағы айтып тұрған кісің нағыз өзім сияқты еркек екен менің атымнан мақтап қойшы. ауылда талай жарақаттанғанда ештеңе етпит деп жұмысымызды істеп жүре беретін едік больницаға бару дегенді білмейтінбіз. уйткені оларға барсаң толтырып бір қағаз етіп дәрі жазып берет немесе кесіп тастау керек, дегеннен басқа ештеңе істеп емдеп қарық қылмайтын еді. деееееп қоймай жаза бергесіңба
Ол иттің қандай боолуына байланысты.Егер құтырған ит болса міндетті түрде бару қажет.
Міндетті түрде дәрігерге баруың қажет.Бөтен иттер,мысықтардың сілекей,қабуы адамның денсаулығына зиян келтіреді.