+2 дауыс
1.4k көрілді

Cәлем! Маған көмектесіңіздерші ақыл кеңес қосыңыздаршы?! Мен қыз баламын

Мен қатты ашуланшақпын қасымдағы адамдарға ауыр сөздер айтып көңілдеріне тиіп зекіп тастаймын жынды адам сияқты сезінемін өзімді, Сабаққада құлшынысым жоқ  келесі жылы ҰБТ дайындалуғада ниетім жоқ тез шаршап көңіл күйім  тез түсіп кетеді Әсіресе үйге келгенде  олады, Бірақта үйде ешқандай қйындықтар жоқ соның өзінде осындаймын, анама да дауыс көтеріп көңіліне тиетін сөздер айтып  тастаймын,Үй  шашылып кетсе, құттай көңіліме бірдеңе жақпай қалса болды  ашуланып айғайлап шыға келем, Осы әдеттерімді қойғым келеді , бірақ қой алмай жүрмін ақыл кеңнстеріңізді беріңіздерші,Бұл тығырықтын қараңғылықтан қалай шығам көмектесіңіздерші?

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
ҰБТ-дайындалып жүргенде менде де осыған ұқсас жағдайлар болған. Қандай жағдай болса да өз-өзіңізді қолға алуға тырысыңыз. Ішіңізден: "сабыр... сабыр" деп, ашуланбауға тырысыңыз. Өз іс-әрекетіңізді бақылап, өзіңізге есеп беріңіз. Мысалы, ашуланған кезде өз-өзіңізді ұстай алмай қалсаңыз, жазалау шараларын ұйымдастырыңыз. Мұның бәрі өткінші екенін умытпаңыз. ҰБТ біткен соң бәрі өз орнына келеді. Ең бастысы - сіз мінезіңізді өзгертуді қатты қалайсыз. Демек сіздің ерік-жігеріңіз мықты. Ал ондай адам өзі қаласа тауды да қопара алады.
+1 дауыс

Өтпелі кезең емес пе еді?!

жасым 16 да))))))))))))))
+1 дауыс

Сабырлы болыңыз.Жақпайтын нәрсе боса сабырмен жайлап шешіп көріңіз.Айқайлауды тастаңыз керек емес нәрсе ол.Рухани байлығыңызды музыка тыңдап,театрға барып көбейтіңіз.Нерв боғанда өзіңізді ұстаңыз.Мүмкін бұл жайыт жігітпен жүргеннен кейін болған шығар

+3 дауыс
сiздегi кейбiр жаFдай мендеде кездескен. Бунын барлыгы жан-жактан жасалган кысым (УБТ, мектептегi талаптар, сабак, алтын белгiнi коргау т.б. жумстар бари шаршатып жiбередi.) сиякты. сондыктанда озiндi колга алмасан, солай жалгаса беретiн сиякты. Уакытынды шектеп, манызды iстерге коп конiл болiнiз. Сол кезде барлыгыда оз орнына келедi. Ал адамдардын созiне келер болсак, жуйкенизди жукартып (жынына тиiп жатса) жатса, ештине димей iшiнiзден сабыр ет(спокойствие только спокойствие озим солай айтатнмын)деп СОЗИНЕ МАН БЕРМЕНИЗ! БарлыFЫ жаксы болуына тiлекшiмiн.
0 дауыс

Ашуланшақтық, жылаңқы болу, мінездің күрт өзгеруі эндемиялық зоб (организмде йодтың жетіспеушілігі) ауруының белгісі. "Йодомарин" препаратын ішкен дұрыс.

0 дауыс

мектептегі ПСИХОЛОГ апайлармен немесе дәрігерлермен сөйлесіп көріңіз! 

0 дауыс
Бір іспен шұғылдану керек, спорт немесе хобби.
0 дауыс
Біріншіден психологқа көріну. Екіншіден айта алмай жүрген сырларыңды мамаңа айт. Сосын ашуланғанда Биссимилла деп қайтала.
...