0 дауыс
18.5k көрілді

9 сынып пиза деген не? есеп па?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

PISA деген ол емтихан.

Международная программа по оценке образовательных достижений учащихся (англ. Programme for International Student Assessment, PISA). 

Осы жерде. Орысша.

Біздің елде ондай емтихан жоқ. Бізде тек ОЖСБ (Оқу жетістіктерін сырттай бағалау) бар. Онда, бізге 4 пәннен тест сұрақтары келді: химия, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, география.

+1 дауыс

PISA Қазақстанда былтыр апрельде ме, көктемде тапсырылды, барлық мектеп емес, әр ауданнан бірнеше мектеп таңдап алынды. Министрліктен өкіл келіп, өзі алды емтиханды. Нәтижесі биыл шығу керек болған. 2009 жылы да тапсырды ғой деймін соны. үш жылда бір рет тапсырылады. Ал ОЖСБ деген ВОУД қой, оны 9 сыныптағылар тапсырады.

PISAны Менің кабинетімде тапсырды 15ке тоған балалар компьютерде... Есебі көп емес, ойландыратын, түсінгенін ашып жазып, дәлеледейтін тапсырмалар көбі, тесті де бар арасында. Жеке бір пәннен емес, пәндерді байланыстырып қойылған сұрақтар.

+1 дауыс

Мына мақаланы тауып алдым жаңа ғана: http://strategy2050.kz/news/4180/

Қазақстан PISA-2012 халықаралық емтиханның қорытындысы бойынша математикадан 49-шы орын алды

2013 жылдың 3 желтоқсанында Экономикалық әріптестік және даму ұйымы PISA-2012 қорытындысын жариялады. 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математикадан 49-шы орын алды. 52 орын – жаратылыстану дисциплинасынан, 63 орын оқу сауаттылығынан, деп мәлімдеді PISA-да (жаратылстану ғылымдары, математика және оқу салаларында білім алып жатқан оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы) 15 жылдық білім алудағы халықаралық білім деңгейін зерттеуге Қазақстанның қатысу қорытындысына арналған баспасөз конференциясы барысында Ұлттық білім беру статистикасы мен бағалау орталығының директоры Алмагүл Құлтуманов мәлімдеді.

 

 

0 дауыс

Пиза -қала, оған Г.Галилей тәжірибе жасаған

0 дауыс

PISA дегеніміз не?

Халық аралық деңгейде студенттердің білім сапасын тексеру

Международная программа по оценке образовательных достижений учащихся

Programme for International Student Assessment, PISA

Ұқсас сұрақтар

...