0 дауыс

патриоттық ән керек еді

Қайырмасы Ол менің атамекен бақ тұрағым, қалайша махаббатымды ұқтырамын деген өлең жолдарымен басталады

04.03.2014 10.9k қаралым

2 жауап

+1 дауыс

Атамекен

Көл-дария көкірегімнен бір тұнба ашып,

Мен тұрмын ата-баба жұртын басып.

Жаутаңдап қазір менің жанарымда

Тұп-тұтас жиырма жеті жыл тұр ғашық.

 

Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп,

Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,

Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа

Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп.

 

О, менің мәңгі басар нық тұрағым,

Қалайша махаббатымды ұқтырамын?

Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте

Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын!

P.S: Сілтеме 1 - Сілтеме 2

04.03.2014
осы өлеңді әнімен тауып беріңізші, кім айтады?
Ондай ақпараттар табылмады. Google (c)
0 дауыс
Роза Әлқожа-Атамекен әні. Гуглден іздесең табылып қалар
26.03.2014
127,957Сұрақ
322,871Жауап
153,169Пікір
72,975Қолданушы