0 дауыс
133k көрілді

Маған әке туралы тамаша эссе керек еді?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әке – асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Өтермін сақтауменен салтыңды әсем. Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке, Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.
көп көп рахмет
Өте керемет екен
+1 дауыс
Сен үшін ең пайдалы жауап бұл сұраққа - өзің жазғаның дұрыс болады. Себебі шығарма жазу арқылы адам өз ойын жүйелі түрде қағазға түсіруді үйренеді. Бұл дағды сенің өмір жолыңда əлі талай керек болады.  Сондықтан уақытың барда үйренгенің абзал болар бауырым.
0 дауыс
Аке бала ушин аскар тау болып табылады
0 дауыс

мұхтар шаханов қазақ халқының рухани биіктігін қалай көрсеткенэссе әке үкімі

smiley

0 дауыс
Өздерін уйренгендерын абзалгой
0 дауыс
Əке- асқар тау,еңбек қор,мейрімді жан.Əке басты отбасы болып келеді.
Əке ақылды ,жанашыр адам.
Себебі əкеміз бізге  күнде ақылын айтады.Мысалы:сабақтарынды оқыңдар,өскенде ішкім болып қаласыңдар деп айтатың.
Əке кандай жағдай болса отбасы үшін бəрін жасайды.Мысалы: Қалаған заттарынды алыңдар.
Қортындылай болсақ əке ең қымбат,əр бала  əкесің  жақсы көреді.
...