Терлеу – табиғи құбылыс. Күннің аптапты ыстығында адам баласының терлеуі – қалыпты жағдай. Қарапайым терлеудің ағза үшін қажет екенін біреу білсе, біреу біле бермейді.Терінің бетіндегі судың булануынан ағза салқындайды. Сонымен қатар, ағза терлеу арқылы өзіндегі зиянды уыттан, шлактан құтылады. Көбінесе жиі терлейтін мүшелер қатарына - маңдай, алақан, мойын, қолтық жатады. Осы мүшелерде пайда болған терге бактериялар тез орналасатын болғандықтан, жағымсыз иіс те тез пайда болады.