Жұмыс іздеу, ауыстыру | 8.1k қаралды
8.1k қаралды

"Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы  туралы толық мәліметті қайдан алуға болады? Сілтемесін жіберіңіздерші.  Филологияны бітіріп, журналистикада жұмыс істеймін, мектепке ауыспай-ақ бағдарламаға қатыса аламын ба?

11 жауап

Дипломмен ауылға.

Рахмет жауабыңызға)))))))))
ХАХАХА қатырдың.)))))))))))))))
Дипломмен ауылга багдарламасын алу ушин баска кредиттер кедерги болмайма
Белгісіз
Бұл саланы зерттеп білгенім:

1.Жұмыс берушіні тауып,онымен келісесің.

2.Ауыл әкімі маман керек деп сұраныс беруі үшін онымен келісесің.

3.Аудан әкімі мақұлдау үшін,онымен де келісесің

4.Нақты осы тірлікпен айналысатын мекемені тауып,ондағылармен келісесің

5.Банк қызметкерімен келісесің.

Осылардың барлығы келісімін берсе,сен ауылдың мектебінің не мекемесінің қызметкерісің.

Ескерту: Әрбір келісім нақты сумма екенін ескерсең,қолыңда қанша сома,миыңда қанша жүйке қалғанын есептей бер.

Не себепті бұл бағдарлама кең өріс алмай жатқанын енді білдің бе?

Солай,жас маман!
Мен БКО Казталовка ауданы Жалпактал ауылында турамын 2013 жылы Педагогикалык колледжинин бастауыш сынып мугалим мамандыгын битирдим.Казирги кезде Жалпактал ауылына 18 шакырым жердеги кишкене Сатыбалды деген  ауылда мектепте бастауыш сынып мугалими кызметин аткарып журмин.Ол ауыл оте кишкентай жане газ жок.Менин жолдасым жане 1 ул 1 кызым бар. жумысты барып келип истеймин. Уйди Жалпактал ауылынан алгым келеди 1шиден болашакта сол ауылдын мектебине ауысу, 2шиден отбасыммен бирге болу. Сол ушин барлык кужаттарды жинап комиссия отырысына катыстым.Бирак мени кабылдамады неге?Отиниш менин сурагыма жауап жазыныздар мен жас маман жане жас отбасы ретинде улкен комек кутемин.Казирги уакытта тургылыкты жериме жумыс жасайтын орын жок. Бирак болашакта болады деген умитпен осы Жалпакталдан алгым келеди.
дипломмен ауылға бағдарламасымен мен медецина саласында жқмыс істеймін менің сұрайын дегенім жарты ставкамен жұмыс істейтін қызметкерге бір жолғы төлем ақы берілем ,
Падемный кімдерге беріледі өзі? Несебептен ауылда жұмыс истепжаткан жас мамандар ала алмайды өз ауылына барган да?
Дипломмен ауылға осы жобаға кімдер жауапты? Мазалаған сұрақтармен қандай құзырлы органдарға хабарлассам болады? Рахмет
осы жобаға кімдер жауапты жұмыста 50 пайызға қысқартылып кредитімді төлиалмай жатырмын тел 87054565112
Салеметсіздерме, мен Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында бастауыш мұғалімімін. Падемныйды жұмысқа кірген кезден бастап бір айдан кейін документ жинадым және документ жинауға 3 күн ғана кетті және ақша жеке шотыма бір аптадан кейін лезде түсті. және пәтер үшін ақша бір айдын ішінде алдым. менің ойымша ол сол ауданға және әкімшілік қызметкерлеріне байланысты.
Салеметсіздер ме, мен  "дипломмен ауылға" атты бағдарламамен мұғалім болып жұмысқа кірген болатынмын. Арада бір жыл өтпей мектеп жабылып қалды, мен жұмыссыз қалдым. Жұмыс істеп жүргенде кредиттің ақшасын төлеп жүрген болатынмын, мектеп жабылғаннан кейін төлеген жоқпын. Арада төрт жыл өтті кредит төлейтің шама болмады. Әрине ол уақытта жұмыссыз жүрдім. Міне енді жұмысқа кіріп, кредитімді төлейін деп барсам, оның төлеу сомасы 1064854 теңге болып кеттіпті. Оның ішінде 500000 пениясы.  Ал аталған соманы бірден төлеу мүмкін емес. Мектептен жұмыстан бес жыл болмай шығып кетсе сотқа береді, ал мен жұмыс істеймін, одан қашып жатқан жоқпын, бірақ мектепті жауып тастады. Енді мені сотқа бермекші. Осы істері әділетті ме, Таразға кредит жөніндегі бас маманға хабарласып мән-жәйді айтып берсем, ондай жағдай қарастырылмаған дейді. Сонда үкіметтікі дұрыс, ал халықтікі дұрыс емес болама әрқашан. Осы мәселені қалай шешсем болады. Хабарын беріндерші өтініш.

Мен дипломмен ауылға келдім, 22 сұрағына жауап беремін деп жүргенімде жүкті болуыма байланысты жұмысқа түсе алмай қалдым. 2 балалы болдым, 3 жылға жақындағанда балам 7 айлық болғанда жұмысқа шықтым. Босанғанға дейін туралаған құжаттарымды тапсырдым. Құжаттарымның дұрыстығына байланысты "Қаладан ауылға" бағдарламасы бойынша әкімшіліктің шешімімен маған 130.000 теңге(подъемные)берілді. Содан соң несиелеріңді аласыңдар деп айтқан. Бірақ сол несиені ұзақ уақыттан бері ала алмай отырмын. Осы бағдарлама бойынша маған несие беруге болмайтын болса, онда неге маған бастапқы сома берілген? Берілетін қалған соманы қашан беріледі? Раxмет

Бұл бағдарлама бойынша кредит алгын келсе басқа кредиттер де пения болған болса қарай ма?
118,315 сұрақ
305,100 жауап
153,297 пікір
67,440 қолданушы