Салеметсіздер ме, мен "дипломмен ауылға" атты бағдарламамен мұғалім болып жұмысқа кірген болатынмын. Арада бір жыл өтпей мектеп жабылып қалды, мен жұмыссыз қалдым. Жұмыс істеп жүргенде кредиттің ақшасын төлеп жүрген болатынмын, мектеп жабылғаннан кейін төлеген жоқпын. Арада төрт жыл өтті кредит төлейтің шама болмады. Әрине ол уақытта жұмыссыз жүрдім. Міне енді жұмысқа кіріп, кредитімді төлейін деп барсам, оның төлеу сомасы 1064854 теңге болып кеттіпті. Оның ішінде 500000 пениясы. Ал аталған соманы бірден төлеу мүмкін емес. Мектептен жұмыстан бес жыл болмай шығып кетсе сотқа береді, ал мен жұмыс істеймін, одан қашып жатқан жоқпын, бірақ мектепті жауып тастады. Енді мені сотқа бермекші. Осы істері әділетті ме, Таразға кредит жөніндегі бас маманға хабарласып мән-жәйді айтып берсем, ондай жағдай қарастырылмаған дейді. Сонда үкіметтікі дұрыс, ал халықтікі дұрыс емес болама әрқашан. Осы мәселені қалай шешсем болады. Хабарын беріндерші өтініш.