Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол организмге де пайдалы. Күніне 2 банан жесеңіз, денсаулығыңыз айтарлықтай жақсарады.
1. Артериялық қысым деңгейі қалпына келеді
Бананның құрамында 420 мг-ға жуық калий бар. Сондықтан ол жоғары қан қысымын төмендетуге сеп болады.
2. Артық салмақтан арыласыз
Банан жасұныққа бай – соның арқасында адамның қарны аша бермейді.
3. Анемия қаупі төмендейді
Анемиядан адамның жүзі солғын тартып, үнемі шаршап жүреді, ентігіп қалады. Мұның бәрі эритроциттердің азаюы мен қандағы гемоглобин деңгейінің төмендігінен.
Бананның құрамында эритроциттердің көбеюіне көмектесетін темір өте көп. Сондай-ақ, қандағы глюкоза деңгейін реттейтін В6 дәрумені де бар.
4. Ас қорыту жақсарады
Банан тез қорытылатындықтан, асқазанға кері әсері жоқ. Жемістің бұл түрін гастрит, қыжыл кезінде, сонымен қатар, диареядан кейін алғашқы ас ретінде жеуге болады. Себебі олар ағзадағы жоғалған минералдарды түзеді.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.