+1 дауыс
10.5k көрілді

Осы қорылдау семіздіктің салдары ма? емдеу жолдары бар ма?

5 жауап

0 дауыс

Тыныс алу жолдарында бір кінәрәті бар адам қорылдайды, не дұрыс жатпаса қорылдайды. 

0 дауыс

Арықтарда қорылдайды. Оң жағыңмен жатып ұйықтап көр, пайдасы тиюі мүмкін.

+1 дауыс

Қорылдайсыз ба? Саулығыңыз нашарлаған!

Кей кезде пойыздың купесінде қасыңыздағы көршіңіз қорылдап мазаңызды алатын кездер жиі орын ала ма? Әлде үйдегі адамның бірі  қорылдап маза бермей ме? Бәлкім сіз біреудің дәл осылай жүйкесіне тиіп жүрген шығарсыз?

Қалай болғанда мамандар қорылдаудың адам денсаулығына аса зиян екенін, қорылдайтын адамның денсаулығы нашар екенін ескертеді. Статистикалық зерттеулер көрсеткендей, жас ұлғайған сайын адамның қорылы жиілейді.

Негізінен, қорылдау әдетке айналса, оны емдеуге болмайды. Мүлде демей-ақ қоялық, себебі қорылды біршама азайту мүмкін. Бірақ ол өте күрделі. Дәрігерлер қорылдаудан арылудың бірнеше жолын айтып кеңес береді. Ол үшін адамның әуелі не себепті қорылдайтынын білу керек.

Сіз тек шалқаңыздан жатқан кезде қорылдайсыз ба? Олай болса, басқаша (бір қырыңызбен) ұйықтауға тырысып көріңіз.
Салмағы жоғары адамдардың көпшілігі қорылдайды. Әдетте салмақтың жоғарылығы қорылдауды жиілетеді.
Алкоголь немесе транквилизаторды шамадан тыс көп пайдалану қорылдау проблемасын туындататыны сөзсіз. Әсіресе алкоголь мен дәрі-дәрмектерді бірдей қолдану. Ешқашан бұлай істеуге болмайтынын есте сақтаңыз.
Аллергиялық аурудан емделіңіз. Себебі олар да қорылдауға себеп болады.
Егер сіз біреулерден тым жиі әрі ұзақ уақыт қорылдайтыныңызды естісеңіз, қорылдатпауға көмектесетін арнайы бетперде сатып алыңыз.  
Темекі шегу… Темекінің зияны туралы бұған дейін көп нәрсе айтылып келді. Әлі де айтыла бермек. Ал, негізінен, сіздің қорылдауыңызға темекінің де әсері бар екенін ұмытпаңыз.
Күн режимін ретке келтіріңіз. Ұйқыға жату, ұйқыдан ояну уақыты күнделікті сәйкес келіп отыруы қажет. Қатты шаршап, энергияңызды шамадан тыс тауыспаңыз. Сол кезде сіз қорылдан құтылып қана қоймай, денсаулығыңыздың жақсарғанын да байқайсыз.
Жүкті болғанға дейін ешқашан қорылдамаған әйелдер жүктілік кезінде жиі қорылдайтынды шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.  

0 дауыс

Адам қатты шаршағанда, мас кезінде ұйықтағанда, тыныс аурулары және жүрек ауруы болған кезде қорылдайды.

0 дауыс
Мен ұйықтағанда өз қорылымнан өзім оянамын.оны қалай кетіруге болады.басқа жұрт қорылдамай ұйықтайды. Срларға
...