+4 дауыс
1.0k көрілді
Кешегі апта ауылға бардым. Автобуста жанымда отырған апай қорылдап ұйқыға кетті. Дауысы тіпті қатты. Бір екі мәрте түртіп оятсам да , қайта ұйықтап кетеді. Қорылдап ұйықтаған адам неге өз қорылынан оянып кетпейді?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қорылдағанда өзіне естілмейтін себебі: адам ұйықтап жатқан кезде сыртқы орта тітіркендіргіштеріне ешқандай жауап қайтарылмайды және организмде жүріп жататын физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді. Сондықтан сырттағы дыбыс пен әсерлерге ешқандай жауап қайтармайды.

+1 дауыс

Көркем қыз! Ұйықтап жатқан адам өз қорылы түгіл, біреудің қорылынан да оянбайды. Біреудің тіс қайрағанынан да, ұйқысырап сөйлегенінен де оянбайды. Негізінен ұйықтап жатқан адамдар тек түртіп қозғағанда ғана оянады.

+1 дауыс

Қорылдап ұйықтайтын адамдар жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын адамдар. Оларға қорылдап ұйықтау бала кезінен үйреніп кеткен әдет.

дұрыс емес қорылдаудың себебі дұрыс жатпау және тыныс жолдарының тарылуы,қиындықпен демалу
0 дауыс

Адам негізі шалқасынан жатқанда қорылдайды,бірақ барлық адам бірдей қорылдамайды.Кеңсірігінде кінараты(ақауы)бар адамдар қорылдайды.Қорылдап жатқан адамды ақырын оятып, бір қырыңнан жат деу керек.Мен өз басым қорылдамаймын,кейде қорылдасам зө қорылымнан оянып кетемін.

...