+1 дауыс
1.3k көрілді

 

Ми,яғни жадымызға қажет деп,барлық ақпараттарды(пайдалысын) сақтап,жадымызға түйе берсек,бұл миға күш,ауырлық түсіре ме, қандай да бір зияны бар ма?Өйткені,өмірде қызықты, үйрену керек дүниелер өте көп әрі пайдалысын ғана таңдаймыз.

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Аса көп ақпаратты сақтай алуда нейронның РНҚ-сы (рибонуклейн қышқылы)түзе алатынымен байланыстырады. РНҚ-сы көп нейрондар ақпаратты көп сақтайды. Адамның ақпаратты қабылдап алу қабілеті орта шамамен 1секундта 25бит (егер адам күніне 10сағат бойы ақпаратты қабылдайтын болса онда 10 жылда 4млрд бит ақпарат жиналып сақталады) Ұмыту процесі болмайтын адамдар да бар. Олар феноминальды есті адамдар дейді. Физиологтердің тұжырымдауынша адамның миы 15млрд жүйке клеткаларынан нейрондардан тұрады. Алайда адамдар осындай ойлау қуатының мол қорының өте аз мөлшерін пайдаланады. Кейбір мәліметтерге қарағанда қарапайым адамдар өз миында бар жүйке клеткаларының 4%-ының ғана қуатын жұмсап қызмет етеді, ал қалған 96%-ы резервте тұрады. Психологтер ғалымдардың өздері бойындағы бар мүмкіндіктің 7-8%-ын ғана пайдаланады екен. Егер білім мен тәрбие ойдағыдай берілетін болса, орташа қабілетті адамның кез-келгені 30-томдық энциклопедияда жазылғанның бәрін меңгеріп, бір-біріне ұқсамайтын 5-6 тіл біліп алатынына толық сенім бар. Адамның зияттық (интеллектуалдық)ресурстары: Канадалық патофизиолог Г.Селье ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру туралы кітабында: "Адам ядросында қаншалықты физикалық энергия болса,адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар"деген тұжырымға келген. Демек теориялық тұрғыдан қарағанда адамның мүмкіндігі шексіз.
Енді оған мысалдар: Көптеген зерттеушілер дарынның адамға ата тегі арқылы берілетінін қуаттайды.Мұны куәландыратын да айғақтар аз емес. Иоганн Себастьян Бахтың гениалогиялық өзегінде 56музыкант,олардың ішінде 20ы жоғары деңгейдегі шеберлер болған екен. Бұған қарсы айғақтар да бар. Ата тегінде көрнекті тұлғалар болмаған қарапайым адамдардан шыққан данышпандар да жеткілікті. Мысалы: Әйгілі дат жазушысы Ганс Кристиан Андерсен.Оның әкесі қарапайым етікші, ал анасы үй тазалаушы болған екен. Әйгілі кибернетик Джон Фон Нейманның есептеуінше адамның миы 10-ның 20дәрежесіне тең ақпараттар бірлігін сақтай алатын көрінеді. Бұл дегеніміз біздің әрқайсысымыз дүниежүзіндегі ең ірілердің бірі деп есептелетін Мәскеудегі орталық кітапханадағы миллиондаған томдарды жазғандардың бәрін есте сақтай алар едік деген сөз.
Белгісіз
Полиглоттар: Копенгаген университетінің профессоры Расмус Кристман Раск (1737-1832) 230тілде сөйлей алған және 28 сөздік пен грамматикадан оқулық жазған. Қазақтың ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби 70 тілде сөйлей алған. Ульянов Ленин 14 тілде сөйлей алған. Италиялық профессор филиология ғылымдарының докторы Карло Тальявини ғажайып полиглот болған.Тальявини 12жасында 7тілде сөйлеген, ал 22жасында докторлық диплом жазған (ғылыми атаққа) және 15 тілде сөйлеген. Ол жылына 3-4 тілді меңгере алған. Барлығы 120 тілді меңгерген.Тальявини 1963жылы Нью-Иоркте өткен тіл мамандары конгресінде мінберге шығып сөйлеген қысқаша құттықтау сөзін 50 тілде айтып берген. Италиялық полиглот Джузеппе Гаспар Меццофонти (1774-1849)30 еуропалық 5африкалық 17азиялық тілді білген. Барлығы 100 халықтың тілін білген. Ұлы ағылшын ақыны Шекспир ол туралы лингвистиканың кереметі деп жазған. Ағылшындықтар өз отандастары Джон Бодрингті (1792-1872)аса көрнекті полиглот ретінде санайды.Ол 100тілде сөйлеп 200тілде оқи алған. Вундеркиндтер: Шакира 1977жылы 2ақпанда Колумбияның Барранкилья қаласында туған. Толық аты-жөні Шакира Изабел Мүбарак Рипойл әкесінің аты Виллам Мүбарак. Ұлты жағынан араб. Шакира арабша нұрға бөленген әйел,ал хинди тілінде жарық құдайы деген мағынаны білдіреді. Шакира туғанына 18ай болғанда әріптерді таныған, ал 3жасында оқып жаза алатын болған, 4жасында мектепке баруға дайын еді, бірақ жасы толмаған. Келесі жылы мамандар одан арнайы емтихан алып оны ерекше дарын иесі (вундеркинд) деп таныды. Ресейдің Краснодар өлкесінің өрені Андрей Хлопин өзінің баға жетпес теориялары арқылы екінші мәрте Гиннестің рекордтар кітабына енген данышпан бала. Андрей қазір 10жаста. Ол өзінің алғашқы ғылыми болжамын бар-жоғы 3жаста ойлап тапқан екен. Жақында Андрей үшінші болжамының авторы атанып 50жыл бойы әлі ешбір ғалымның ойына келмеген жаңалық ашты. Яғни түнде жарық шашатын күміс бұлттардың жаратылысы жайлы ғылыми тұжырым жасады. Баланың айтуынша жерден 70-90км биіктікке көтерілген кезде барлық ылғал ұсақ кристалдарға айналып осының нәтижесінде ол жарқылдап жарық беретін көрінеді. Ал адамзат тарихындағы ең ғажайып бала 1921 жылы Германияда дүниеге келген. Ол Кристиан Гейн екен. Ол 8 айлығында ересек адамдарша сөйлесе білген, 2жасында кітап оқып 3жасында кітап үзінділерін жатқа айтқан. Дарынды адамдар: Юлий Цезарь, Александр Македонский, Парсы патшасы Кир 30 мыңдай жауынгерлерін атап және түстеп білген екен. Әйгілі Фемистол грек астанасында тұратын 20000 адамның аттарын атап,түстерін тани білген. А.Сенека байланыссыз 2000 сөзді бір естігеннен қайтадан,сол ретпен айтып берген. Академик С.А.Чаллыгин және шахматшы Гарри Каспаров бес жыл бұрын кездейсоқ бір рет қоңыраулатқан телефонның номерін есінде сақтай алған. Қазақтың суырыпсалма ақыны Жамбыл Жабаев миллиондаған жол өлеңді жатқа білген. Дина Нұрпейісова бала кезінде атақты Құрманғазының тартуынан бір-ақ рет естіген күйді айнытпай домбыраға салып алып,кейін өзі орындап жүрген. Амадей Моцарт ірі және күрделі пьесаны бір естігеннен дәл жазып беретін болған Француз жазушысы Элия Гаон бір рет оқыған кітабын есінде толық сақтай алған. Ол барлығы 2500 томды жатқа білген. Соның қайсысынан да үзіндіні жатқа айтып береді екен. Атақты қолбасшы Напалеон Бонапарт бозбала шағында гаупвахтаға жабылады. Онда римдіктердің заңдары жөніндегі кітап тауып алып оны оқиды.
Арада жылдар өтіп әлгі кітаптан оқыған деректерінің көп көмегі тиген көрінеді. А.С.Пушкин өзінің атақты Евгений Онегин туындысының соңғы тарауын жоғалтып алады. Оны қайта жазу мүмкін емес еді. Сонда ол бауырына көмектесуін сұрап хат жазады. Ағасы араға уақыт салмай-ақ жауап береді. Қалың конверттің ішінде бүкіл тарау толықтай жазылған еді. Қызығы сол ақынның ағасы бұл шығарманы бір-ақ рет інісінің оқып жатқан жерінен көріп есінде сақтап қалған. Үнді елінің азаматы С.Махеде 3 сағат 30минут ішінде 31811 санды есінде толық сақтай алған және қайталап айтып берген. Орыс академигі А.Ф.Иоффе (физика-математика институтының директоры)30 миллион саны бар логарифмдік кестені есінде сақтап пайдалана алған. Бұл адамның ми жұмысына байланысты қабілетінің сан алуандығына оның шексіз екеніне дәлел. Математик Леонардо Эйлер жүзге дейінгі барлық санның алғашқы 6 дәрежесін жатқа білген екен.
Белгісіз
0 дауыс
Көп салмақ түсіре қоймайды. Әрі адам кез келген нәрсені есте сақтайды, яғни көрген нәрсесі есінде калады. Бірақ оны біраз уақыттан кейін есіне түсіру үшін, ол нәрсені көру яки есту керек. Сонда "бұл есімде" немесе "бұрын көрдім" деген функция қосылады. ВК-ға бір сайттан алып қызықты дерек жазып едім. Соны ұсынамын: Адамның миына 3-тен 1000 терабайтқа(яғни 1 млн гегабайт) дейінгі ақпарат сияды. Мысалға Британияның ұлттық архивінде 900 жылдық тарих жазылған. Ал ол тек қана 70 терабайтты құрайды. Енді өз миыңыздың қабілетін бағалай беріңіз).
–1 дауыс
Миға көп ақпарат жинай беру зиян емес, пайдалы деуге болады. Бірақ, пайдалы ақпараттарды ғана жинау керек. Зиян ақпараттар - мидың вирустары. Ал пайдалы ақпараттар - әр түрлі папкалар және файлдар)).
–1 дауыс
Жоқ, керісінше ми дамыған күйі дами береді.
0 дауыс
Зияны бар шығар.Бірақ адам көп мәлімет сақтап қалуы екі талай әсіресе қазіргі адамдарға
–1 дауыс

Кез келген адам өз миының мүмкіндіктерінің әрі кетсе, тек 20 процентін ғана пайдаланады. Мида да "жесткий диск" пен "ОЗУ" сияқты бөліктері бар. Керек емес информация ОЗУда сақталады да, кейін өшіп қалады. Сосын, керек кезінде есіңе түсіре алмай отырасың 

...