–1 дауыс
7.9k көрілді

Қалихан Ысқақ туралы мәлімет керек

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жазушы, драматург, кинодраматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлығының, Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры, Аякөз, Қатонқарағай аудандарының құрметті азаматы. 1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген. 1952 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филология факултетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шықты. «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді. Мәскеудегі екі жылдық ценаристер мен режиссерлердің жоғарғы курсын бітірген соң сегіз жыл Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында үшінші творчестволық бірлестікті басқарды. 1972 – 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесшінің қызметін атқарды. 1998 жылдан Қазақстан М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімін басқарып, «Жұлдыз» журналында проза бөлімін басқарып жүр. Проза жанрында жазушының коптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық корді: «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу - Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы. Жазушының жекелеген повесть, әңгімелер жинақтары, романдары орыс тіліне аударылып, «Советский писатель», «Художественная литература» баспаларында басылып шықты. Кейбір таңдамалы шығармалары тәжік, өзбек, қырғыз, татар, башқорт, украйн, шешен, болғар, чех, словен тілдерінде аударылды. «Ақсу – Жер жаннаты» романы 1992 жылы егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш Мемлекеттік сыйлығын алды. Ысқақ Қалихан драматургия жанрында да жиырмадан астам еңбек берді. Солардың барлығы да Республикалық , облыстық театрлардың сахнасына шықты. Басты – бастылары : «Апа – Апатай», «Жәке – Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Революция сарбазы», «Кемпір іздеп жүр едік», «Мазар», «Мен әлі көрсетемін», «Опора с подпоркой», «Көктемнің салқын кезі еді», «Құрымбай, Желдібай Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер қимақ», «Есеней – Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау сынды алыбым» . Автор «Есеней –Ұлпан» пьесасы үшін Ғ. Мүсірепов атындағы, «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. Ысқақ Қалихан кинодраматургия саласында да біраз туындылар берді.Оның сценариі бойынша жасалған толық метражды көркем фильмдер: «Сарша тамыз», «Ұшы – қиырсыз жол», «Күзет бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» бүкілодақтық экранға шықты. Ысқақ Қалихан аудармашы ретінде де көпке танымал. Орыс әдебиетінің классиктері Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, А. Чеховтің, А. Куприннің, И.Буниннің әңгіме, повестері қазақ тілінде Қ. Ысқақтың аудармасында жарық көрген. Әдеби сын, театр сыны, эссе жанрында, публицистика, саяси - әлеуметтік тақырыпта да Қ.Ысқақаов жүзден астам мақала очерктер жариялады. Қ.Ысқақ қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумның Құрмет Грамотасымен, «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған. Шығыс Қазақстан Қатонқарағай, Аякөз аудандарының құрметті азаматы. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Отбасы: жұбайы - Сқақова Дәметкен Акбарқызы, ұлдары - Абылай, Әлихан, қызы - Самал және алты немересі бар.
+1 дауыс

Ысқақов Қалихан туралы қазақша реферат (1935), жазушы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Қалихан Ысқақов 1935 жылдың 14 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған. Үлкен Нарын ауданындағы (бұрынғы) Жұлдыз ауылдық орта мектебін бітірген соң, Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетің журналистика факультетін 1957 жылы аяқтаған. Университетті бітіргеннен кейін республикалық мерзімді баспалар редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі кызметтерін атқарды. 1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған . 1967-1972 жылдары Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясындағы үшінші творчестволық бірлестіктің бас редакторы болды. 1972 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында істейді. Қ. Ысқақовтың творчестволық қызметі 1957 жылдан басталдьі. Ол бірнеше әңгіме, повесть, романдардың , драматургиялық киносценарийлердің авторы. Алғашқы әңгімелері «Жол басы» (1961) жинағында жарияланды. Оқырман қауымға атын шығарған тұңғыш туындысы «Қоңыр күз еді» повесі. Шығарма өзінің балалық шағындағы өмірін өксігімен және өз махаббатымен тұтас күйінде бұзбай — жармай қағаз бетіне түсіре салғандай әсерге бөлейді. Повестегі бізге таныс интернат өмірі бар шындық қалпымен көзімізге елестейді. Мұнда сезім мөлдірлігі, жан тазалығы және турашылдығымен есте қалатын шыншыл да бірегей бейнелер кездеседі. Қасым , Алтын , Қомшыбай бейнелерін сомдағанда , қаламгердің шын сыры , ой — арманының гуманистік сипаттары жарқырай көрінетіні айқын. Шығармасында осындай бейнелердің жиынтығын жасаған Қ. ЬІсқақов , бұлардан да зор тұлғаларды жасауға бой ұрды. Өзінің «Қоңыр күз еді», «Сыр» повестерінен жазушы өз өмірінің шырармашылық жетілу кезеңін қалыптастырды. Ол бірнеше әңгіме, повесть, романдардың, драматургиялық шығармалардың авторы. Жазушы өз шығармаларында шебер суреттілікке , адамдар тағдырын дөп басатын мінез құбылыстарына ерекше мән берген. Сондай бір шабытты шағында жазушы «Менің араларым» (1965) мен «Бұқтырма сарынын» (1967) жазып, содан соң «Тұйық» (1975) романын , «Қараорманның» (1980) қанатын кеңге жайғызып , «Ақсу — жер жаннатына» (1989) ұластырды. Бұл шырармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған. » Ақсу — жер жаннаты» романына 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қ. Ысқақовтың қаламынан туындаған шығармалардың қай — қайсысын алмайсың , көз алдымызға бүкіл Алтай өңірі өзінің ғажайып тұтас тұлғасымен, әсем табиғатының көрінісі тұра қалады. Жазушының үздік шығармалары орыс , украин , өзбек , татар, чех , словак , неміс тілдеріне аударылып басылуы жазушының рухани әлемінің кеңейгенін танытады. Жазушының тағы бір ерекше еңбегі классикалық аударма саласында да шоқтығы биік келеді. А. Чехов , И. Буниннің әңгіме — повестері ана тілімізде тамылжып сөйледі. Қ. Жұмаділов жерлес жазушымыздың шырармашылырына : «Алтайдың тұмса табиғатын , шулаған қара орманы мен Бұқтырманың булыққан сарынын көркем прозада бірінші рет бейнелеген — Қ. Ысқақов.»- деп жоғарғы бара берген. Қ.Ысқақов- идеялық, адамгершілік, профессионалдық кемелдікті бауырына басқан шынайы суреткер.

+1 дауыс
Ысқақ Қалихан(1935 ж.т.) – жазушы,драматург. Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (2000). Қоңыр күз еді алғашқы повесі 1963 ж. жарық көрді. 1967 – 72 ж. “ Қазақфильм” киностудиясындағы аға редактор. 1972 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында драматургиясекциясын басқарды.“Қоңыр күз еді” атты алғашқы повесі 1963 ж. жарық көрген. Кейін “Дос хикаясы” (1963), “Менің ағаларым” (1965) повестер мен әңгімелер жинақтары, “ Тұйық” (1975), “Қара орман” (1980), “Ақсу – жер жаннаты” (1989) романдары басылды.Пьесаларыреспублика театрының сахнасында қойылды.Сарша тамыз(1968),Ұшы қиырсыз жол(1969),Қараша қаздар қайтқанда(1985). Бірқатар шығармалары шет ел халықтары тілдеріне аударылған. Жазушыға 1992 ж. “Ақсу – жер жаннаты” романы үшін Қазақстанның Мемл. сыйл. берілді. [1] Әскери атағы - отставкадағы аға лейтенант. Хоббиі - бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, драма, кинодраматургия. Үйлөнген. Жұбайы - Ысқақова Дәметкен Акбарқызы, зейнеткер. Қызы - Ысқақова Самал Қалиханқызы (1960 жылы туған );ұлдары - Абылай (1968 жылы туған ), Әлихан (1970 жылы туған ). [2]
0 дауыс
куып кеткен бари омирбаянда тур
...