Ысқақов Қалихан туралы қазақша реферат (1935), жазушы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Қалихан Ысқақов 1935 жылдың 14 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған. Үлкен Нарын ауданындағы (бұрынғы) Жұлдыз ауылдық орта мектебін бітірген соң, Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетің журналистика факультетін 1957 жылы аяқтаған. Университетті бітіргеннен кейін республикалық мерзімді баспалар редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі кызметтерін атқарды. 1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған . 1967-1972 жылдары Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясындағы үшінші творчестволық бірлестіктің бас редакторы болды. 1972 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында істейді. Қ. Ысқақовтың творчестволық қызметі 1957 жылдан басталдьі. Ол бірнеше әңгіме, повесть, романдардың , драматургиялық киносценарийлердің авторы. Алғашқы әңгімелері «Жол басы» (1961) жинағында жарияланды. Оқырман қауымға атын шығарған тұңғыш туындысы «Қоңыр күз еді» повесі. Шығарма өзінің балалық шағындағы өмірін өксігімен және өз махаббатымен тұтас күйінде бұзбай — жармай қағаз бетіне түсіре салғандай әсерге бөлейді. Повестегі бізге таныс интернат өмірі бар шындық қалпымен көзімізге елестейді. Мұнда сезім мөлдірлігі, жан тазалығы және турашылдығымен есте қалатын шыншыл да бірегей бейнелер кездеседі. Қасым , Алтын , Қомшыбай бейнелерін сомдағанда , қаламгердің шын сыры , ой — арманының гуманистік сипаттары жарқырай көрінетіні айқын. Шығармасында осындай бейнелердің жиынтығын жасаған Қ. ЬІсқақов , бұлардан да зор тұлғаларды жасауға бой ұрды. Өзінің «Қоңыр күз еді», «Сыр» повестерінен жазушы өз өмірінің шырармашылық жетілу кезеңін қалыптастырды. Ол бірнеше әңгіме, повесть, романдардың, драматургиялық шығармалардың авторы. Жазушы өз шығармаларында шебер суреттілікке , адамдар тағдырын дөп басатын мінез құбылыстарына ерекше мән берген. Сондай бір шабытты шағында жазушы «Менің араларым» (1965) мен «Бұқтырма сарынын» (1967) жазып, содан соң «Тұйық» (1975) романын , «Қараорманның» (1980) қанатын кеңге жайғызып , «Ақсу — жер жаннатына» (1989) ұластырды. Бұл шырармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған. » Ақсу — жер жаннаты» романына 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қ. Ысқақовтың қаламынан туындаған шығармалардың қай — қайсысын алмайсың , көз алдымызға бүкіл Алтай өңірі өзінің ғажайып тұтас тұлғасымен, әсем табиғатының көрінісі тұра қалады. Жазушының үздік шығармалары орыс , украин , өзбек , татар, чех , словак , неміс тілдеріне аударылып басылуы жазушының рухани әлемінің кеңейгенін танытады. Жазушының тағы бір ерекше еңбегі классикалық аударма саласында да шоқтығы биік келеді. А. Чехов , И. Буниннің әңгіме — повестері ана тілімізде тамылжып сөйледі. Қ. Жұмаділов жерлес жазушымыздың шырармашылырына : «Алтайдың тұмса табиғатын , шулаған қара орманы мен Бұқтырманың булыққан сарынын көркем прозада бірінші рет бейнелеген — Қ. Ысқақов.»- деп жоғарғы бара берген. Қ.Ысқақов- идеялық, адамгершілік, профессионалдық кемелдікті бауырына басқан шынайы суреткер.