+2 дауыс
473 көрілді

Диплом бойынша жұмыс табу қиын болғандықтан жеке кәсіп ашқым келіп еді. Ойларыныңзды айтып көмек көрсетулеріңізді сұраймын. (Қарағанды қаласы үшін қандай кәіп тиімді?) Алдын ала рахмет)))

2 жауап

+1 дауыс

Жоба: Дөнер Кебаб жүрекжалғар ашу
Жоба мақсаты: Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына жылдам дайындалатын, арзан, әрі дәмді, сонымен қатар пайдалы тағам ұсыну. 
Өнімділігі: күніне 100 дөнер.
Өнім: Дөнер Кебаб
Жобаның құны: 1 млн теңге
Өзін өзі ақтауы: 2-3 ай
Жобаның мәні: Тағам – мәңгілік бизнес! Дөнер Кебабтың артықшылығы жылдам әрі дәмді дайындалады. Ал бастысы өте тойымды. Бағасы да арзан. Оны көбіне жұмысбасты адамдар тұтынады. 1 сағат бойы түскі ас ішуге уақыты жоқ жандарға тез тамақтануына, немесе жолда жеуіне ыңғайлы. Және бұл тағам талайлардың жәй ғана сүйікті асына айналып үлгерді. 
Меню: 
• Дөнер Кебаб
• Қымыз
• Айран
• Газдалған басқа да сусындар
• Бауырсақ
Маркетингтік сараптама: Халық чебурек, самасдан жалықты, немесе олар сапасыз, сондықтан жемейді. Фаст-вудтың да зиян екенін біледі. Аса бас қатырып қажеті жоқ, жәй ғана бұл тағам модаға айналды. Сұраныс бар!
Стратегия: Ашатын жерді дұрыс таңдай білсең аса жарнаманы да қажет етпейді. Телефон арқылы тапсырыс қабылдап, жеткізіп беру қызметін іске қосу керек. Шикізат алу үшін жергілікті құс фабрикасымен және қымыз өндіретін, сусындар сататын компаниялармен келісімге тұру керек. Сапалы көкөніс сататын точка табу(саяжайшылармен келісуге болады).
Қаржы құю:
Жер арендасы(54 кв\м), егер мемлекеттік жер болса компейка тұрады.
Жүрекжалғарға бутик салу, егер таныстарға жатса 500 мың теңге, ал оның ішіне үстел, орындық тағы басқаларын алу үшін 200 мыңдай кетер. 
Дөнер Кебаб дайындайтын құрылғы комплектте 300 мың теңге. 
Тоңазытқыш пен бутикті әрлейтін баннерлер Кока-Коладан тегін алуға болады.)
Қызметкер: Бір тәжірибелі нағыз шебер азпаз болса, сол жетеді. Түрік болса, тіпті қатып кетер еді.
Табыс: Я бәрімізді қызықтыратын осы. Қанша табыс табуға болады? Байып кетуге жетпесе де, қалтаңды қампитады.
Тойымды Дөнердің өзінің құны 300 тг, сен үстіне 100 тг қосып сатасың. Яғни бір Дөнерден пайда 100 тг. Бір күнде 100 дөнер сатуға болады. Яғни 10 000 тг. Бір айда 300 000 тг. Минус қызметшіге 100 000 тг. Өз қалтаңа 200 000 тг қалады. Бұл минимуммен есептегенде. Плюс шырындардан түсетін пайда бар. Минус салық(оны әзірше қақпаймын).
Ал қалай?
сурет алынған жер
ПыСы: 100 проетов для малого бизнеса деген кітап шабытымды оятып жіберді.

http://kerekinfo.kz/blog/12218.html
Рахмет АЛЛА разы болсын
0 дауыс

Ең дұрысы азық-түлік пен темекі сату. Ең өтімді товарлар солар.

...