0 дауыс
4.4k көрілді

Жамбыл Жабаев атамыздың "ленинградтық өрендерім"атты таппақты тауып беріңіздерші

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ж. Жабаев. Ленинградтық өренім

Ұлы Ленин дананың,

Атындағы қаланың,

Бесігінде тел өскен,

Балаларым, жараным,

Сәулетім, сәнім, айбарым!

Анасындай даланың,

Өзендердің алабын,

Байқағандай байыптап,

Бейнесін көрем Неваның.

Көпірі осы Неваның,

Көзіме түссе көрікті

Бір серпіліп қаламын

Аңғарсам қала аймағын:

Балтықтың терең жарларын

Қаланы нұрға шомылтып

Ымыртта жанған шамдарын.

Зәулім зәулім үйлерге

Алтынды күмбез салғанын

Қиырдан болжайд жанарым.

Қаласынан Лениннің,

Өрби өскен балаларым,

Сәулетім, сәнім, айбарым!

Осынша жасқа келгенде,

Осынша өмір сүргенде

Осынау күнге жеткенде

Жырдан нөсер төккенде

Осындай гүлді қаланы

Ұрланып келіп шабуға,

Жорғалап келіп шағуға

Ұмтылғанын, көрді көз.

Ашылған сұмның араны.

Талқандаңдар, құтырған

Фашист тобын қайырып

Жалтартпастан жауыздың

Шабыңдар басын айырып...

0 дауыс

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің

! ……………………………….

Шамы Күндей жайнаған,

Аспанға үйлер бойлаған…

Арқа тұтып алыста,

Айбыным деп ойлағам!

Жабықпағын Ленинград!

Отан әмір берген шақ.

Сап-сап қол барар

Қорғап сені ол қалар.

Жанышталар айдаһар!

Жата алмаймын төсекте,

Жаным қалай жайланар?

Құс ұйқылы көнемін,

Қайтып ұйқы көремін,

Жетсін деймін сендерге,

Жыл құсындай өлеңім, Қ

аласында Лениннің,

Сайып қыран өренім… менің тапқаным осы болды))

...